Жұмысын жаңа бастаған кәсіпкерлерге қаржы ресурстары қолжетімді болмақ
24.07.2017, 20:46

Жұмысын жаңа бастаған кәсіпкерлерге қаржы ресурстары қолжетімді болмақ

Кәсіпкердің кепілге қоятын мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда, ол үшін «ҚазАгроКепіл» АҚ кепіл бола алады, ол мемлекет атынан ауылдық жерлерде кепіл бола алады. Кепіл ауылдағы бизнеске, әсіресе жұмысын жаңа бастаған кәсіпкерлерге қаржы ресурстарына қолжетімділікті біршама арттыруға мүмкіндік береді. 

Ауыл тұрғындары үшін несие ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету Астана қаласының төңірегінде өткен ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың және республиканың БАҚ журналистерімен және блогерлермен кездесу барысындағы талқылаған тақырыптардың бірі болды. 


Кездесуге қатысқан «ҚазАгро» ұлттық холдингінің өкілдерінің айтуы бойынша «ҚазАгроКепілдің» кепілдіктері жұмысын жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін 85%-ға дейінгі кепілдікпен өтеуді және жұмыс істеп тұрған бизнес үшін 50%-ға дейінгі кепілдікпен өтеуді қамтамасыз ететін болады.
Ауылдық жерлердегі бизнесті ламытудың маңызды проблемаларының бірі жұмысын жаңа бастаған кәсіпкерлерде кепілдікпен қамтамасыз етудің болмауы және олардың құнының төмен болуы болып табылатыны белгілі. Осы проблеманы шешу үшін «ҚазАгро» ұлттық холдингі жеке қаржы құрылымдары – Шағын қаржы ұйымдары мен Несие серіктестіктерін ауылдағы бизнесті несиелеу процессіне тарту бағдарламасын әзірледі. Бұдан басқа, Холдинг әсіресе жұмысын жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін шағын қарыздарды кепілдендірудің ыңғайлы жүйесін енгізеді, ол шағын бизнеске де кепілдікпен проблеманың болған кезінің өзінде нсеие ресурстарын алуға және өз ісін бастауға мүмкіндік береді. Жаңа схема Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде әзірленді, оны іске асыруға НС және ШҚҰ арқылы 6% мөлшерлемемен 11 млрд.теңге көзделген. Мемлекет атынан «ҚазАгроКепіл» АҚ кепілдік етеді. Осы ретте ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне компанияның офисына барудың қажеті болмайды, кепілдік алуға өтінімдер несиелеуге құжаттардың топтамасын беру кезінде рәсімделеді және АШТӨ тарапынан шығындарды қажет етпейді.

 
Астана қаласы маңындағы орман алабында ҚР АШМ және Холдингтің өкілдерінің республиканың БАҚ журналистерімен және блогерлермен кездесуі өткізілгенін еске саламыз. Талқыланған тақырып– ауылшаруашылығына арналған жерлерді пайдалану және республиканың ауылшаруашылық саласын дамытудан бастап елдің орман қорын сақтау және аграрлық бизнесті қаржыландыруды қамтуды кеңейтуге дейінгі мәселелердің кеңейтілген шеңбері болды.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер