Қытайда экологиялық жағдай қиын. Өнеркәсіптік кәсіпорындар көп орналасқандықтан, атфосфераға шығарылатын қалдықтар да шекті шамадан асқан. Сол себепті үлкен қалалардың үстін қалың түтін басып тұрады.
Кәсіпкерлер осы түйінді шешудің амалын тапқан сияқты. Олар жергілікті тұрғындарда таза ауа сатуды қолға алған. Бейжің сияқты ауасы ластанған қалалардың тұрғындар үшін жеңілдіктер қарастырылған.
«Оттегіге қаныққан, таза, бөтелкедегі ауа» 219 юань (30 доллардан асады) тұрады. Мөлшері 7,7 литр. Сатушылар әр бөтелкедегі ауа 180 мәрте дем алуға мүмкіндік береді дейді. Бұдан арзанырақ тұратын ауа да бар. Канаданың осындай ауасы 108 юань (16 доллар), Вэйхай ауасы 5 юань (0,7 доллар) тұрады екен.
Дегенмен әлеуметтік желі қолданушылары бөтелкедегі бұл ауаның атмосферадағы ауадан айырмашылығы жоқ екенін айтуда.
30.11.2016, 23:04
Жаңа Зеландиялықтар қытайларға таза ауа сатып жатыр
Қытайда ауа сатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Пікір жазу