Шараны «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Елордалық туризм қауымдастығы мен Қазақстанның туристік агенттіктері қауымдастығы ұйымдастыруда. Бұл туралы silteme.kz хабарлайды.
2015 жылдың 14 желтоқсан күні Қазақстан мен Қытай арасында Қытай азаматтарының Қазақстан Республикасына топтық туристік саяхаттарын жеңілдету туралы меморандумға қол қойылған еді. Бұл құжат туристердің Қазақстанға көптеп келуіне жаңа мүмкіндіктер береді. Бүгінде Қытай дүниежүзілік нарықты көшбасшы болып саналады. 2014 жылы 107 млн Қытай азаматы туристік мақсатта шетелдерге сапарға шықса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 127,9 миллионға жеткен. Олар сапар барысында 292,2 АҚШ млрд долларын жұмсаған.
2017 жылғы Қытайдың Қазақстандағы жылы қарсаңында, яғни 2016 жылдың 28 қыркүйек күні Radisson Hotel Astana қонақ үйінде «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Елордалық туризм қауымдастығымен және Қазақстанның туристік агенттіктері қауымдастығымен бірлесе отырып, Қазақстан-Қытай туристік форумын өткізеді. Мұндағы бас тасымалдаушы Air Astana компаниясы екенін айта кеткен жөн. Аталған шара Дүниежүзілік туризм ұйымының (UNWTO) оқиғалар күнтізбесіне енгізілген.
Форумның мақсаты еліміздің жағымды туристік имиджін қалыптастырып, ілгері жылжыту, Қазақстан мен Қытай арасындағы туризм саласындағы өзара табысты әріптестіктің дамуына жәрдемдесу, Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдары мен туристік индустрия өкілдерінің арасындағы сұхбатты қамтамасыз ету.
Форумның негізгі тақырыптары анықталды:
1. Қытайдың халықаралық туризмінің болашағы: даму бағыттары мен келешегі;
2. Қытайдан келетін қонақтарды қарсы алудағы халықаралық тәжірибе;
3. Қытайдан Қазақстанға келушілер туризмінің келешегі.
Азия-Тынық мұхиты елдері туристік қауымдастықтарының (PATA), Туристік қалалардың дүниежүзілік федерациясының (WTCF), ҚХР Туризм істері жөніндегі мемлекеттік басқармасының, Гонконг, Бейжің, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы, Хайнань және Шаньси провинциялары мемлекеттік туристік органдарының, Қытай туризм академиясының өкілдері мен Қазақстанның мемлекеттік органдарының және Қазақстан бизнесінің басшылары Форумға спикер ретінде шақырылған. Ресейден ат шалдыратын мамандар Қытайдан келетін туристік топтарға қызмет көрсету тәжірибесімен бөліседі. Нақтылар болсақ, олар: «Мир без границ» туристік қауымдастығының атқарушы директоры С.Пятихатка, «Интурист» ЖШҰ бас директоры Л.Мармер, «Независимый Гостиничный Альянс» қауымдастықтағының дамыту жөніндегі директоры, SkyPoint Sheremetyevo қонақ үйінің басшысы К.Артемьев, «Маркетинг, выставки, консалтинг» ЖШҰ сауда-саттық жөніндегі директоры А.Смоляр және China Friendly бағдарламасының үйлестірушісі А.Сибиркина.
China Friendly бағдарламасы болса, Қытай туристері келгенде қолайлы жағдай жасауға және Қытай нарығында туристік өнімдері ілгері жылжытуға, сондай-ақ клиенттер тартып, турбизнес кірістерін арттыруға бағытталған.
Жақында өтетін шараға қазақстандық туристік бизнестің 200-ден астам өкілдері қатысады деп күтілуде. Одан бөлек, Форумға Елордалық туризм қауымдастығы мен Air Astana әуе компаниясы өткізетін ақпараттық тур шеңберінде келетін Қытайдың туристік компаниялары қатысады.
Сонымен қатар, Форум аясында Қазақстан, Қытай және Ресейдің туристік ұйымдары мен бизнес өкілдері арасында түрлі меморандумдарға қол қойылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, «Мен Қазақстанды жақсы көремін» фотобайқауы өткізілмек. Байқаудың мақсаты еліміздегі туристік орындарды насихаттау және Қазақстанның туристік әлеуетін дамыту.
Форумнан Atameken Business Channel сайты арқылы онлайн хабар таратылады.
Форум туралы толық ақпарат пен тіркеу www.tourism-forum.kz сайтында жүргізіледі.