тәртіп

Показать содержимое по тегу: тәртіп

Саяси ток-шоуларда да талай тұлғалардың ішкі ұстанымы мен оты көрінеді. Бұл орайда сондай қызу талқының ізімен еліміздегі жалғыз саяси ағартушы технолог, мәдениеттанушы Абылайхан Қалназаровпен болған интервьюді назарларыңызға ұсынамыз.

Опубликовано в Сұхбат

Аманжол… Қазақ ұрпағына берген есімге барлық арманын сыйғыза білетін халық. Ел басына күн туған соғыс кезінде туғандардың арасында Аманкелді деген есім жиі кездессе, ел қорғауға кеткен боздақтардың туған топыраққа аман келуіне ырымдап қойылған есім бұл. Аманжол дегенде де дүние есігін енді ашқан сәбиінің амандығымен бірге өмір жолындағы ұлы сапарда аман жүрсін, ұлықты болсын деген ниет басым. Соғыстан кейінгі ел енді-енді есін жиып, бес жылға жуық зобалаңда тұралап қалған шаруашылықтарды қайта көтеру жолында жанталасқан жылдардың бірі – 1949 жылы өмірге келген ұлының атын Аманжол деп атаған Мұсайын атамыздың да жүрек түкпірінде осындай ақ ниет тұнып тұрғаны мәлім еді. «Жақсы ниет – жарым ырыс» деген жақсы сөзбен сусындап өскен Мұсайын ақсақалдың тұңғышына берген есімін Алла ескерген сынды.

Опубликовано в Сұхбат

Еліміздегі Отан қорғау жолында жүрген, әскер сапындағы  сарбаздардың сөмкесінде не болуы керек, оның салмағы қанша?

Опубликовано в MediaTek

Медеу аудандық соты алматылық тұрғынды салық төлемегені үшін жүргізу куәлігінен айырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Опубликовано в Құқық-заң

Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2013 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстан аумағында жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу электронды түрде енгізілді.

Елімізде соңғы жылдары мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет көрсетулерді автоматтандыру бойынша шаралар қабылданып, мемлекеттік қызмет түрлері электронды түрде көрсетіле бастады. Бүгінгі күні жылжымайтын мүлікке құқықты электрондық тіркеу қызметі Қазақстанның барлық өңірлерінде қолжетімді. Осы мақсатта Әділет министрлігінде жылжымайтын мүлік рәсімін оңтайландыру жөнінде шаралар қабылданып, азаматтардың жылжымайтын мүлікке құқықтарын электронды түрде тіркеу жүзеге асуда.
Осыған орай, заман талабына сәйкес «Е-нотариат» бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі қолданысқа енгізілді. Бұл жүйенің негізгі міндеттерінің ішінде нотариалдық құжаттарды есепке алу мен сақтауды қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалар, жылжымалы және жылжымайтын мүлік туралы деректерді сәйкестендіру мен тексеруді жүзеге асыру; нотариустар, республикалық нотариалдық палата мен аумақтық нотариалдық палаталар, сондай-ақ бақылаушы мемле­кеттік органдар арасындағы тиімді ақпарат алмасуды қамтамасыз ету қызметі бар.
«Е-нотариат» нотариустарға нотариалдық әрекеттер туралы уақытылы және нақты есептілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді және әділет органдарының қызмет­кер­лері үшін нотариустардың қызметін үйлестіру және мониторинг үрдісін жеңілдетеді.
Е-нотариат жүйесі нотариалдық келісімдерді жасаған кезде экономикалық қылмысқа жол бермей, алаяқтықты және Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзы­луының алдын алады.
Нотариуста келісім-шарт жасағаннан кейін азамат­тарға ХҚКО-ға құжат тапсырып, Әділет органдарының шешімін күту міндетті емес. Электрондық тіркеу үшін азаматтардың электрондық сандық қолтаңбалары қажет емес. Тіркеу үшін ең бастысы ЖСН, Интернетке қолжетімділік, банк төлем карточкасы қажет екенін атап өткен жөн.
Енді, жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжатты рәсімдегеннен кейін нотариус бірден сол жерде құқықтарды тіркеуге өтініш бере алады. Ол үшін нотариус өтініш беруші туралы мәліметтердің нысанын толтырады, ҚР ӘМ әділет департаментіне жөнелтеді және өтінішті қабылдау туралы және төлемнің сомасы туралы хабарламаны алады. Нотариус бірегей нөмірмен хабарламаны басып шығарады және өтініш берушіге береді, одан кейін клиент электрондық үкімет порталында төлемді жүргізу қажет. Ол үшін өтініш беруші порталда тіркелуі керек, ал электронды қолтаңбаның қажеті жоқ.
Әділет департаментінің мамандары электрондық чекті алысымен, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге кіріседі. Нәтижесінде құқықты тіркеу туралы хабарлама нотариусқа, сондай-ақ өтініш берушінің электрондық мекенжайына беріледі.
Жылжымайтын мүлік құқығын мемлекеттік тіркеу жүйесіне енгізілген бұл жаңалық әкімшілік кедергілерді жоюға, азаматтар үшін қолайлы жағдай туғызуға бағытталған.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеудің артықшылығы нотариуста мүлікті меншіктен шығару туралы шарт жасасқаннан кейін, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінудің және әділет органдарының шешімін күтудің қажеті жоқ. Барлық қажетті ақпарат нотариустан тіркеуші органға «Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі» арқылы автоматты түрде түседі, яғни меншік құқығын тіркеу уақыты бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Осылайша жылжымайтын мүлікті сатып алу және оған құқықты тіркеу бір жұмыс күнінен артық емес уақытта орындалады.  Ал мемлекеттік тіркеу үшін салым «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзы арқылы төленеді.
Тіркеуші орган электрондық түбіртек пен құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмелері келіп түскен соң жүргізілген тіркеу туралы Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге хабарлама жолдайды.
Заңды және жеке тұлғалар үшін осындай рәсімнің артықшылығы – уақытты үнемдеуге және материалдық шығынын қысқартуға мүмкіндік береді.
Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыру бағы­тындағы әділет органдары жұмысындағы өзгерістер мен жаңалықтар халық мүддесі үшін және әкімшілік кедер­гілерді жою, тіркеу рәсімін ықшамдау мақсатында ен­гізілді.
Қорыта келе, жылжымайтын мүлікке құқықты мем­лекеттік тіркеу ісі заман талабына сәйкес жүргізіледі. Осыған орай қазіргі таңда жылжымайтын мүлікке құқық­тарды тіркеу үшін электронды түрде түскен өтініштер саны күннен-күнге көбейе түсуде.

Әйгерім Тілегенова,
Алматы қаласы Әділет департаментіндегі
жылжымайтын мүлікті тіркеу басқармасының
жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу
жұмысын ұйымдастыру бөлімінің маманы

© economics.kazgazeta.kz

Опубликовано в Жылжымайтын мүлік
Страница 1 из 2

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер