Показать содержимое по тегу: Тимур Рыспеков
Тимур Рыспеков – «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына енген тұңғыш оқушы. 8-сыныпта оқып жүргенде-ақ әлемді таңғалдырған жас вундеркинд 2020 жылы Forbes журналының арнайы шығарылымына еніп, «Өзгеріс жаршысы» атанған өнертапқыштар тізіміне кірді. Бүгінде ол құрастырған 70-ке жуық жобаның 30-ы патенттелген. NASA, Microsoft, Amazon секілді ірі корпорацияларда жұмыс істеуден бас тартқан ол осы жобалары арқылы Қазақстанда ғылыми ортаның бар екенін дәлелдегісі келеді. Тәуелсіздік мерекесіне орай ел тарихындағы ең жас өнертапқышқа хабарласып, сұхбаттасқан едік.