Өз "Диснейлэндімізді" салу туралы ұсыныс жасалды
30.10.2016, 12:40

Өз "Диснейлэндімізді" салу туралы ұсыныс жасалды

Инвесторлар «Қорғас» Халықаралық шекара маңындағы ынтымақтастық орталығының (ХШЫО) қазақстандық бөлігінде нағыз «Диснейлэнд» салуды ұсынды, деп хабарлайды baq.kz.

 Бұл туралы арнайы пресс-тур барысында «Қорғас» орталығының президенті Қахарман Жазин мәлім етті.

«Диснейлэнд салу туралы ұсыныс жақында ғана жасалды. Әрине, маған бұның қаншалықты шынайы жоба болатыны белгісіз, дегенмен осындай өтінім берілді. Ең бастысы екі миллиондық халқы бар Алматы қаласы да алыс емес, іргелес аумақтар да қарқынды дамып жатыр, ендеше сөзсіз көңіл көтеруге арналған жақсы алаң жасауға болатыны түсінікті. Көлікпен екі сағаттың ішінде Диснейлэндке жетіп, қыдырыстап қайту кім-кімге де керемет болатын еді. Мәселен, Парижден Диснейлэндке жету үшін 4 сағат кетеді. Жоба біздің азаматтарымызға арналған. Дегенмен, Үрімші жағында да мұндай ауқымдағы көңіл көтеретін демалыс орталықтары жоқ екенін ескеру керек. Олар да осыған мүдделі болып, келушілер санын арттырады», - деді Қахарман Жазин.

Оның айтуынша, «Қорғас» ХШЫО-ның қазақстандық бөлігінде көңіл көтеруге арналған бірқатар инвестициялық нысандар салу жоспарланған. Мұнда жалпы инвестиция көлемі 150 миллион долларды құрайтын үш және бес жұлдызды отельдер, ауқымды сауда-ойын сауық орталықтарын қамтыған кешен салынады.

«Қолөнершілер қаласы» атты қызықты жобаның құрылыс жұмыстары 50 пайызға атқарылған. Онда қолөнер шеберлері ұлттық кәдесыйлар жасаумен айналысатын болады. Біздің ойымызша, 2017-2018 жылдары көптеген нысандар пайдалануға беріледі», - деді Қахарман Жазин.

Айта кетейік, «Қорғас» ХШЫО Алматы облысы Панфилов ауданының Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан. Орталықты құру арқылы екі елдің және үшінші елдердің азаматтарына іскерлік кездесулер, Қазақстан мен Қытайда шығарылатын өнеркәсіптік өндіріспен танысу мүмкіндіктері, сондай-ақ сауда келісімшарттарын жасасу үшін визасыз территория қалыптастыру көзделеді.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер