«Capolavoro di dombra 2018»
14-15 желтоқсан
Астана қ., қалалық Оқушылар сарайы, Момышұлы даңғылы, 5
«Capolavoro di dombra 2018»
қазақ халқының көне ұлт аспаптарының бірінші халықаралық фестиваль-конкурсын өткізу туралы
Ереже
1 Ұйымдастырушылар
Қоғамдық қор
1.1 «Өнер, мәдениет, білім және спорт саласындағы таланттарды қолдау халықаралық қоры»
Бізді қолдаушылар:
⁃ Астана қаласының әкімдігі
⁃ ҚР Ғылым және білім министрлігі
⁃ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры
⁃ ҚР Мәдениет және спорт министрлігі
Фестиваль-конкурсқа қатысушылар:
Шағын және орта бизнес өкілдері ҮЕҰ Өнер майталмандары Танымал әртістер, белгілі жүргізушілер, шоумендер, әншілер, блоггерлер, кино актерлері
2 Демеушілер: Меценаттардың жабық қауымдастығы
2.1 Қауымдастықтың мүшелері – материалдық әл-қуаты жоғары, патриоттық сезімі биік, Отанға деген сүйіспеншілігі зор, еліміздегі ғылым, мәдениет, білім және спорт саласындағы талантты жандарға қолдау көрсетуге және дамытуға әзір таңдаулы тұлғалар.
3 Фестиваль-конкурсты өткізудегі мақсат
3.1 Қазақтың көнеден келе жатқан ұлт аспаптарын ұлы халықтың музыка мәдениетіндегі ұлттық мұрасы ретінде жаңа форматта (заманауи мәнерде) көрсету және таныту.
4 Міндеттер:
4.1 Қазақ халқының көне ұлт аспаптарын насихаттауда өсіп келе жатқан жас ұрпақтың және жастардың жаңаша көзқарасын қалыптастыру.
4.2 Ұлттық, классикалық және заманауи музыканы насихаттау.
4.3 Шығармашылық байланыс жасау және тәжірибе алмасу үдерісі кезінде халықтар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.
4.4 Ұлттық аспаптар үшін жаңа, бірегей туындылар жазу мақсатында отандық композиторларды тарту.
4.5 Халқымыздың дәстүрлі өнерге деген қызығушылығын қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің және жастар шығармашылығын, сондай-ақ Отанға және ұлттық мәдениетке құрметпен қарауды қолдау.
5 Қазақ ұлтттық көне халық аспаптарының фестиваль-конкурсын өткізудегі қажеттілікті негіздеу
Халық музыкасы барлық музыкалық жанрдың түп атасы болып саналады. Мұнда үлкен рухани және шығармашылық әлеует жатыр. Халық музыкасы рухани ізгіліктерді бекітуге, сондай-ақ мәдени мұраны сақтау және дамытуға негізделеді, жан-жақты дамыған тұлғаларды қалыптастыруға септігін тигізеді.
6 Ұйымдастырушы комитет
6.1 Ұйымдастырушы комитеттің құрамы жұмыс бейініне сай қызметкерлерден құралады.
6.2 Ұйымдастырушы комитеттің міндетіне кіретіндер:
қатысушы өтінімдерін тіркеу дайындық және конкурс барысына басшылық ету конкурсты өткізу жөнінде және қатысушылар туралы ақпарат тарату мақсатында БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық орнату Жарнамалық компания Қорытындылау, конкурс нәтижесін сараптау Жеңімпаздардың тізімін жасау
7 Ұйымдастырушы комитет:
▪ Ереже талаптарына сай келмесе, үміткердің өтінімін қабылдамауға;
▪ Бекітілген ережелерді бұзғаны және конкурстың өту талаптары мен шарттарына сай келмегені үшін қатысушыларды конкурстан шығаруға;
▪ туындаған келіспеушіліктерді қарастыруға және шешім қабылдауға құқылы.
8 Қатысушылар
8.1 Кәсіпқой және әуесқой ұжымдар
8.2 Конкурс-фестиваль қандай ведомствоға жататынына қарамастан, кез келген елдің және шығармашылық ұжымдардың қатысушыларына ашық.
Қатысушылардың жас ерекшелік санаттары
«балалар санаты 0» 4-тен 6 жасқа дейін
«балалар санаты 1» 7 ден 8 жасқа дейін
«балалар санаты 2» 9-10 жас аралығы
«балалар санаты 3» 11-12 жас аралығы
«жасөспірімдер санаты 1» 13-тен 15 жасқа дейін
«жасөспірімдер санаты 2» 15 жастан бастап
«жастар» 19-25 жас аралығы
Аралас санат (жас шегін көрсету қажет)
9 Номинациялар:
1 Аспаптық жанр номинациясы солистер (дуэт,трио) ансамбльдер оркестрлер 2 Вокал номинациясы қазақ ұлттық аспаптарының сүйемелдеуімен сололық орындау (жанды дауыс) суырыпсалма (импровизатор) әншілер3 Ұлттық көркемөнер кәсіптері және қолөнер номинациясы Металды көркемдеп өңдеу (ұсталық қолөнер) Көркем әшекейлеу (металл және ағашты кескіндеу) Көркем керамика (қолмен мүсіндеу және қыш өнері) Ағашты көркемдеп өңдеу (көркем ою, бедерлеу) Сүйекті көркемдеп өңдеу Кәдесыйлар
9.4 Фестиваль-конкурс аясында қатысушылар дәстүрлі ұлттық кәсіптер мен қолөнердің бір бағыты бойынша шеберлік сыныбын өткізе алады (шеберлік сыныбын өткізуге өтініштер 10.11.18 ж. дейін қабылданады).
10 Конкурс-фестиваль 3 кезеңнен тұрады:
⁃ 1 тур – іріктеу. Сырттай жүргізіледі. Қатысушылар өзінің шығармашылық орындауын немесе шығармашылық жұмысын орындап жатқанын көрсететін бейнероликті ютубқа сілтеме жасау арқылы немесе кез келген элеткронды архивке немесе поштамен жіберіледі немесе Ұйымдастырушы комитеттің өзінек тапсырылады. (бейнероликтің ұзақтығы 10 минуттан көп емес). Сырттай бақылау қорытындысы бойынша әділқазы екінші турға өтетін қатысушыларды іріктейді.
⁃ 2 тур – конкурстық тыңдалым. Бұл кезеңде фестиваль-конкурстың Мега-Гала-концертіне қатысушы және марапаттау үшін конкурсанттар іріктеледі. Конкурстық тыңдалымда өнер көрсету 1-ші іріктеу турының қорытындысы бойынша жасалған график бойынша өтеді.
⁃ 3 тур – қорытынды. («Өнер, мәдениет, білім және спорт саласындағы таланттарды қолдау халықаралық қоры» ұйымдастыратын екі жоба жеңімпаздарының қатысуымен Мега-Гала-концерт, жәрмеңке).
11 Әділқазы
Әділқазы құрамына:
еңбегі сіңген өнер қайраткерлері; бейінді және жоғары кәсіби білім беру ұйымдарының профессорлар және оқытушылар құрамы өнер майталмандары танымал қазақстандық блоггерлер шоумендер кіреді
11.1 Әділқазы алқасы қатысушылардың өнерін жабық жиналыста әрбір байқау бойынша 10 балдық бағалау парағымен қарапайым дауыс беру арқылы бағалайды.
11.2 Әділқазы алқасының шешімі хаттамамен бекітіледі, сондай-ақ құпия ақпарат болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
11.3 Конкурс әділқазылары:
жүлделі орындардың кейбірін бермеуге; қатысушылар арасында бір жүлделі орынды бөліп беруге; жоғары орындау шеберлігін көрсеткен бірегей жарқын шығармашылық иелеріне конкурстың Гран-При, сыйлықтар мен дипломдарын беруге құқылы.11.4 Егерде әділқазы алқасының шешімі бойынша Гран-При иегеріне қойылатын талаптарға сай қатысушы жоқ болса, жүлделер берілмейді.
11.5 Конкурс-фестивальдің қорытындысы бойынша конкурстық номинациядағы әрбір жеңімпаз жас ерекешелік санаттарына байланысты анықталады.
11.6 Әділқазы шешімі ең соңғы болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
11.7 Әділқазы отырыстары жабық түрде өтеді, оның құрамына Ұйымдастырушы комитет жауапты болады.
11.8 Ұйымдастырушы комитет әділқазы мүшелерінің шешіміне жауапты болмайды.
11.9 Әділқазы мүшелерінің тізімі екінші тур өткізілетін кезде хабарланады.
12 Аспаптық жанрды бағалау критерийлері:
қазақ ұлттық халық аспаптарын насихаттауға жаңаша көзқарас орындау шеберлігінің деңгейі ырғақ тазалығы, бірегейлік, репертуар мен аранжировканың күрделілігі шеберлік және техникалық еркінділік деңгейі дыбыстың динамикалық палитрасын меңгеруі саздылығы, әртіскерлігі, сахналық орындау шеберлігі, шығармашылық ерекшелігі қазақ композиторлары мен авторларының туындыларын таныту және насихаттау аспаптардың күрделілігі және көптүрлілігі
12.1 Конкурсқа қатысушылар қазақтың көне ұлт аспаптарын: сыбызғы, дабыл, дауылпаз, жетіген, даңғыра, асатаяқ, ұран, қобыз, шаңкобыз, шертер, сазсырнай, тоқылдақ, тұяқтас сияқты түрлерін алып шықса, құба-құп.
12.2 Халық кәсіптері мен қолөнері үшін:
Конкурс тақырыбына сай болуы Жасалатын бұйым материалдарын пайдаланудағы бай қиялы, таңдалған техниканы еркін меңгеруі Эстетикалық түр, жұмысты безендіру Жұмыстан жалпы көркем әсер алу Орындау техникасы Композицияның бірегейлігі Бұйымның күрделілігі
12.3 Вокал номинациясы үшін:
ұсынылған шығармалардың көркем және кәсіби деңгейі; қатысушылардың орындау шеберлігі және әртістілігі; бірегейлік деңгейі, шығарманың драмалығы; сахналық мәдениет, костюмдер, музыкалық материалдың сәйкестілігі
13 Номинациялар бойынша бағдарламалық талаптар:
13.1 Аспаптық жанр үшін:
Ұзақтығы 5 минутқа дейін болатын бір-біріне ұқсамайтын екі шығарма ұсынылады (USB-флеш тасымалдағышында)
13.2 Вокал жанры үшін:
Ұзақтығы 3 минутқа дейін болатын бір-біріне ұқсамайтын екі шығарма ұсынылады (USB-флеш тасымалдағышында)
13.3 Халық кәсіптері мен қолөнері үшін:
4 Тақырыбы: «Қазақтың көне ұлт аспаптарын таныту»13.5 Автордың қалауы бойынша кез келген материалдан 2 авторлық жұмыс ұсынылады (бұйымдар авторға қайтарылмайды). Әр жұмысқа автордың аты-жөні, жұмыстың аты, ұсынып отырған аймақ атауы, орындау техникасы, бұйымның көлемі жазылған 10*10 көлеміндегі этикетка жапсырылады.
13.5 Конкурсқа ұсынылған жұмыстар логикалық тұрғыдан тақырыпқа сай болуы керек.
14 Конкурсқа қатысу өтінімін және құжаттарын өткізу тәртібі:
аспаптық жанр үшін:
Фестивальге қатысу үшін Ереженің соңында берілген сауалнама-өтінімді беру қажет (сауалнама жеке-жеке толтырылады); қатысуға өтінім конкурс жарияланғаннан бастап электронды түрде 25 қарашаға дейін жолданады; өтінімге ұйымдастыру жарнасының төленгені туралы түбіртек қоса беріледі; 15 те 21 фотосурет (ұжымның, ансамбльдің және т.б.), 1 мб-тан көп емес түрлі түсті сандық форматта; 0,5 парақтан көп емес, компьютерде терілген қысқаша шығармашылық мінездеме; өтінім қордың fond.talant2018gmail.com. поштасына жолданады.
15 Жүлде қоры
Әділқазының шешімі бойынша Гран-Приге тек бір қатысушы ие болады (барлық жас ерекшелігі санатындағылардың арасында бір-бір номинациядан)
«Аспаптық жанр» номинациясындағы Гран-При иегері 100 000 тг көлемінде ақшалай қаржы алады (1-орын)
«Халық кәсіптері мен қолөнері» номинациясындағы Гран-При иегері 100 000 тг (1-орын)
«Вокал» номинациясындағы Гран-При иегері 100 000 тг (1-орын)
Басқа да арнайы сыйлықтар – домбыралар, электронды кітаптар, фотоаппараттар, микрофондар, кәдесыйлар, графикалық планшеттер, мерекелік монеталар.
16 Қатысушыларды марапаттау
Барлығына қатысушы сертификаты беріледі
1, 2, 3 орын алған қатысушыларға лауреаттың 1 2 3 дәрежелі дипломмен және жас ерекшеліктеріне байланысты фестиваль кубогымен марапатталады. Фестивальдің барлық қатысушысына қатысқандары үшін сертификат табысталады және Ұйымдастырушы комитеттің «жұбату» сыйлығы беріледі. Басшы концертмейстерлер, дирижерлер мәдениеттің дамуына қосқан зор үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталады.
17 Фестиваль мерзімі
19 қыркүйектен 1 қарашаға дейін – бірінші іріктеу туры (сырттай) 14 желтоқсан – екінші тур (конкурстық тыңдалым) 15 желтоқсан күні «Өнер, мәдениет, білім және спорт саласындағы таланттарды қолдау халықаралық қоры» ұйымдастыратын Гала-концерт, екі жоба жеңімпаздарының қатысуымен жәрмеңке (Capulavoro di dombra,Ubuntu).
18 Қатысу құны
Соло қатысушысынан 11.000 (аспаптық жанр және вокал) ансамбльге (адам басына) 6.000 оркестрге (адам басына) 5.000 ұлттық кәсіптерге (1 бұйым) 6.000, келесі жұмыстарына 50 пайыз жеңілдік.
16.1 Шетелдік қатысушылар үшін төлем 50 доллар (төлем кезіндегі Ұлттық банктің теңге бағамына сәйкес)
Қатысушылар мен алып жүруші тұлғалардың конкурсқа байланысты барлық шығынын төлейді (жол жүру,тұру және тәуліктік ақыны қатысушылар өз есебінен төлейді).Ұйымдастыру жарнасы қолма-қол ақшасыз «Өнер, мәдениет, білім және спорт саласындағы таланттарды қолдау халықаралық қорының» есепшотына 20.11.2018 жылға дейін төленеді (№ 3 үлгідегі түбіртек)
Бірінші іріктеу турына қатысу үшін (сырттай тыңдалым) жекелеген қатысушылар мен ұжымдар үшін – әр қатысушыдан 1000 теңге (төлем жасалғаны туралы түбіртек өтінім және конкурстық материалмен бірге 1 қарашадан кешіктірілмей жіберілуі тиіс.)
18.2 Екінші іріктеу турына өткен қатысушылар төмендегідей мөлшерде ұйымдастыру жарнасын төлейді:
Соло – 10 000 Ансамбль адам басына – 5000 Оркестр – 4000 Ұлттық кәсіптер – 5000
18.3 Балалар үйі және интернат, жасөспірімдер үйінің қатысушылары, жетім балалар, көпбалалы отбасыдан шыққан балалар мемлекеттік үлгідегі қажетті анықтамалар мен құжаттар ұсынған жағдайда конкурстық бағдарламаға тегін қатысады.
18.4 Заңды тұлға жарнаға төлем жасаса, Қызмет көрсету шарты жасалады, ал фестиваль аяқталған соң орындалған жұмыстардың актісіне қол қойылады.
18.5 Қатысуға төлем жасалғаннан кейін банк арқылы Ұйымдастырушы комитетке электронды поштамен төлем түбіртегінің көшірмесін жолдау қажет.Төлем жасалғанын растайтын құжаттарсыз конкурсант қатысуға жіберілмейді.
18.6 Конкурсқа қатысудан бас тартқан жағдайда ұйымдастыруқ жарнасы, соның ішінде алдын ала төлем қайтарылмай, келесі жылға ауыстырылады.
19 Қосымша мүмкіндіктер:
19.1 Қосымша ақыға Ұйымдастырушы комитет фестивальге қатысушылар мен алып жүруші тұлғалардың қонақүйлерде тұруын, сонымен қатар көлік компанияларының қолданыстағы тарифтеріне сәйкес трансферді (күтіп алу, шығарып салу) және экскурсиялық бағдарламаны ұйымдастыруға әзір.
19.2 Әрбір делегация үшін барлық тілектері ескеріле отырып, жеке бағдарлама құрылады және топтың фестивальге келуінен бұрын басшылықпен мақұлданады.
19.3 Қосымша қызметтердің қажеттілігі туралы өтінімді қажетті қызметтер мен олардың орындалу уақытын, сондай-ақ келушілердің паспорт деректерін көрсете отырып, (еркін үлгіде) 10.11.2018 жылға дейін электронды поштаға жолдауларыңызды сұраймыз.
Қосымша қызметтер сметасын сұраныс жасау арқылы электронды поштамен алуға болады.
19.4 Ережеге сәйкес, Ұйымдастырушы комитет конкурсқа қатысушылар мен оларды алып жүруші тұлғаларды сақтандырудың қандай да бір түрімен қамтамасыз етпейді.
19.5 Ерекше ереже: конкурсқа қатысушы Ұйымдастырушы комитетке шығармалардың ашық пайдалануына (конкурсқа ұсынылған материалдардың) және ақпараттық жарнама және басқа да мақсаттарда: кез келген БАҚ-та және кез келген тәсілмен жариялануына, фестивальді жарнамалау мақсатында халықаралық фестиваль аясында өткен концерттерді көрсетуге өз келісімін береді.
19.6 Ұйымдастырушы комитет фестиваль конкурсының қатысушыларының өміріне және денсаулығына жауапты болмайды.
20 Өтетін орны және уақыты:
Астана қ., қалалық Оқушылар сарайы, Момышұлы даңғылы, 5
14 желтоқсан, сағ.: 9.00-ден бастап іріктеу туры
15 желтоқсан, сағ.: 17.00 Гала-концерт, жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттау
21 Қордың заңды мекенжайы және байланыс тел.:
e-mail: fоnd.tаlant 2018@gmail.cоm
тел: 8 /7172/ 37 47 04; 8 701 520 01 02, 87077332696, 87074253500
сайт: www.Fond-talent.kz
инстаграм – fond.tаlаnt2018@gmail.com
Назар аударыңыз!
Фестиваль-конкурстың регламентінде өзгерістер болуы мүмкін.
Ұйымдастырушы комитет конкурстың өтетін орны мен уақытын өзгертуге құқылы.
Осы Ереже фестиваль-конкурсқа ресми шақыру болып табылады.