Қаулыға сәйкес, 2018 жылы Қазақстанда арақ өнімдерінің бағасы қымбаттайды.
«ҚР үкіметі қаулы етеді: 2018 жылы арақ пен күшті ликер-арақ өнімдерінің литрі үшін бөлшек саудадағы бағасы 1900 теңгеден төмен болмауы керек», - делінген ресми БАҚ-та.
Құжат ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен соң күшіне енеді.
2017 жылы Қазақстанда арақ пен күшті ликер-арақтың литрінің бағасы 1700 теңге болған.
Ұлттық экономика министрі арақ өнімдерінің қымбаттауы оны тұтынушылардың санын азайтатынына сенімді.