Қазақстан нарығында несиенің ең жоғарғы мөлшерін АТФ банкі көрсетті
17.05.2018, 19:08

Қазақстан нарығында несиенің ең жоғарғы мөлшерін АТФ банкі көрсетті

Қазақстан Республикасының нарығындағы ипотекалық несиелерді 32 ЕДБ-нің 18-і ұсынады. Ал олардың алтауы ең төменгі бастапқы жарнасы бар 0%-дан 10%-ға дейінгі несиені береді, деп хабарлады Ranking.kz.

Банктің балансынан кепіл сатып алу сегментінде ипотекалық өнімдерге ең төменгі мөлшерлеме Qazkom-да – 8,42% және АТФ -та – 8,5%-дан басталады.

Бұдан әрі банктердің ипотекалық өнімдері тұрғын үй кешендерімен бірлесе отырып жүзеге асырылады: Tengri Bank «Абай 130» тұрғын үй кешеніне (Алматы қ.) Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 10,6%-дан басталады, Халық банкі – «Өркендеу» тұрғын үй кешеніне (Алматы), жалақы жобасының қатысушыларына 10,7%-дан басталады.

Несиенің ең жоғары мөлшерін тек 3 ЕДБ ғана көрсетті. АТФ-да – 300 млн теңге, Tengri Bank – 50 млн теңгеге дейін. Qazkom сатып алынатын мүлік құнының 90%-ы ретінде максималды соманы көрсетті.

Заемның максималды мерзімі 36 айдан (Сбербанктың кейбір өнімдері) 240 айға дейін өзгереді (Qazkom, Халық банкі және Сбербанк).

Дереккөз: 7kun.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер