Ханымдар үшін келер жылға сәйкес келетін тастармен жасалған зергерлік әшекей бұйымдар сыйлау орынды есептеледі. Мысалы, лағыл (рубин), анартас (гранат), жылтыр тас (опал), ақық (сердолик).
Сонымен қоса ханымдар үшін хош иісті иіссу – тамаша сыйлық болып есептеледі. Хош иісті иіссудан бас тартатын қыз - келіншек жоқ шығар.
Түрлі тәттілерден әдемі гүл шоғын жасап ерекше сыйлық жасауға болады. Бұл сіздің сүйіктіңіздің көңілінен шығады деп ойлаймын.
Романтикалық саяхат жасауға міндетті түрде шекара асып, алыс елге шығу қажет емес. Өз елімізде жақсы демалыс орнына демалу билетін алып берсеңіз дұрыс болады. Дәл қазір ең танымал сыйлық ретінде сұлулық салонына немесе жаттығу залына жазылу билетін алып беру жақсы сыйлық болады.
Қайнар көзі: bilimdiler.kz