Ол басылым өкілінің «Бүгінгі таңда сіздің иелігіңізде қанша мал басы бар?» деген сауалына: «Қазір менің қарамағымда бес мың аналық ірі қара, үш мың бұқа, үш мыңдай жылқы тіркелген. Бәрі асыл тұқымды болғандықтан, сатып алушы оны құжаттарымен қоса қабылдайды» деп ағынан жарылған.
Сондай-ақ, «Пайдаланатын жер аумағыңыз қанша, егер құпия болмаса?» дегенге, «Оның несі құпия, 20 мың гектар жерді пайдаланамын» дей келе, «Жұмысшы-қызметкерлердің жалпы саны 100-ден асады» деп атап өткен.
Айта кетейік, сұхбат барысында спорт ардагері алыс жақын шетелге жиі сапарлататынын да тілге тиек етіпті.
«Шетелге жиі шығамын. Мәселен, Франция сапарын алайықшы, біздің Шығыс Қазақстанның жеріне ұқсастық байқадым. Бізде суық, ал оларда таулы жер, жылы. Сиырларын көрдім, біз секілді көп ұстамайды, ең көбі жүз бас қана. Үйренетін әдістері көп, ынтымақтаса жұмыс істеп жатырмыз...» деген Ж.Үшкемпіров.