Показать содержимое по тегу: шаруашылық
Осы жылы ел бойынша 2 миллион гектар алқапты зиянкестер басуы мүмкін. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының атқамінерлері олармен күресуге ертерек қамдануы қажет. Өйткені Ауыл шаруашылығы министірлігінің мәліметінше, іргелес жатқан қос өңірдің 650 мың гектарға жуық аумағына шегірткелер шабуылдауы мүмкін деп мәлімдеді sn.kz.
Оңтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылы қосымша 24,9 мың шаруа қожалық 102 кооперативке бірігетін болады. Нәтижесінде 2,7 мың тонна ет, 34,2 мың тонна сүт, 6 мың тонна жеміс, 5 мың тонна көкөніс дайындалады деп жоспарлануда. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті. Сонымен қатар, 3173 бірлік шағын мал бордақылау алаңы, 731 бірлік жанұялық сүт ферма, 15 бірлік шағын құс фермасы және 7 бірлік балық шаруашылықтары ашылады деп күтілуде, деп хабарлайды silteme.kz АА.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы өмірге енгізілмек
Үстіміздегі жылғы 9 қыркүйек күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы ауыл халқының жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берген болатын.
Павлодар облысына Белоруссиядан арнайы іс-сапармен келген делегацияға «Пахарь» шаруа қожалығы картоптың жаңа сортын көрсетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.