Басқарма басшысының айтуынша, негізгі капиталға бағытталған инвестиция - 197 пайызға, ал тамақ өнімдеріне тартылған инвестиция 60 пайызға жеткізілмек.
«Бағдарламаға сәйкес ағымдағы жылы 54 млрд теңгені құрайтын 49 инвестициялық жоба қаржыландырылады. Азық-түлік өнімдерінің экспортының көлемі - 350 млн. АҚШ долларын құрайтын болады. Сондай-ақ, «Даму» бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары 15 мың гектарға артып, жалпы 833 мың гектарға жететін болады», - деді Серік Ордабекұлы.
Бұдан бөлек, интенсивті баулар - 800 гектарға, жүзім - 736 гектарға, жаңғақ шаруашылығы қосымша 1000 гектар жерге отырғызу жоспарлануда.
Ағымдағы жылы жылыжай көлемі 200 гектарға артып, жалпы көлемі 1500 гектарға жуық аумақты қамтитын болады. Ал 13,8 мың гектар суармалы жерлер жаңадан айналымға қосылады. Тамшылатып суғару әдісі 7,2 мың гектарға енгізіліп, оның жалпы көлемі 65,7 мың гектарға жетпек.