Содан кейін ашаршылық пен саяси репрессияда құрбан болған боздақтарға арналған ескерткіштің ашылуына қатысады. Мәртебелі мейманның назарына «Депортациялар тарихынан: Қазақстан. 1939-1945 жылдар» атты тарихи-деректі көрме ұсынылады. Кезекті жұмыс сапары аясында мемлекеттік хатшы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралайды.
Ақтөбеде ашаршылық және саяси репрессия құрбандарына арналған ескерткіш ашылады
Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіхалықова Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында "Түйетөбе" мемориалына барып, саяси қуғын-сүргін құрбандарына тәу етпек, деп хабарлайды 24.kz.