Қазақстандық режиссердің “Профиль” фильміне британдық журналистің бастан кешкен оқиғалары арқау болған. Фильмде журналистер лаңкес топтардың жас қыздарды Таяу Шығысқа келуге көндіру үшін қандай әрекетке баратынын, оларды қалай арбайтынын әлеуметтік желілердің көмегімен зерттеуге тырысады. Дәл осы себепті фильм экран форматында түсірілген.
Айта кетсек, Берлиндегі кинофестивальдің басты жүлделеріне 19 фильм таласып жатыр.