Әгереки, олигарх-құрлысшының көзі осы жерге түссе, мынандай менеджмент “көмегімен” “Қазақфильмді” банкрот қылып, орнын құрылыс алаңына айналдырмасына кім кепілдік береді? “Нарық заңы сондай”, деп көнеміз. “Қазақфильм” қазақтың рухын жаңғыртуда деп, ауыз толтырып та айта алмаймыз. Рас, продюсер Азимовтың 40 млн. долларға жасаған “Көшпенділері” мен продюсер Аманшаевтың 10 млн. долларға түсірген “Жаужүрек мың баласы” ұлттық кинода біршама серпілісті сездірді. Елу миллион долларға дайындалған екі фильм, продюсер Ғабит Мүсреповтың бір миллион долларға жетпейтін “Қыз Жібек” екі сериялы киносының шаңына ілесе алмайды. Сол “Қыз Жібек” рухы қазір де ”Қазақфильмді” қорғап-қолпаштауда. Студия басына күн туса Ғабең жасаған киноның актерлердің аруағын айту, тірілерін алға шығару үйреншікті әдетке айналды. Мұндай стандартпен ғаламдық кино ешқашан жасалмайды. Сондықтан да, ертерек қамданып, “Қазақфильмді” Алаштың рухани астанасы болған Семейге көшірген жөн. Орнына әлемдік деңгейдегі Диснейленд салынса, өскелең ұрпаққа жасаған өркениеттілік парызымыз орындалар еді. Бәлкім сонда, миллионға жетпейтін Алматыдағы туристер саны он миллионнан асар ма еді? Алматы Диснейлендінің АҚШ, Париж, Токио, Гонконг диснейлендтерінен артықшылығы қарағайлы тау бөктерінде орналасуы. Бастысы одан түсетін пайданың жартысына “Қазақфильмге” балалар киносын түсіруге тапсырыс берілуіне шарт жасалуы міндет. Неге Семей деген сауалға жауап берейін.
Ол кино түсіру үшін әлемдік стандарт алғышарттары бар қала.
Семейліктер бір кәсіпті меңгерген профессионалдар. Бәсекелестік ерекше, бюджеттік бір жалақыға бірнеше адам кезекте тұрады. Сондықтан да мамандықтың майталманы болу міндет. Баға мен жалақы, тұрғын үй Астана мен Алматыдан 2-3 есеге төмен. Семейдегі ЖОО барлық облыстардан, шетелдерден студенттер оқиды.
АҚШ-та қәзір бұл трендте. Ендеше Американдықтар 100 жыл бұрын өткен Рухани жаңғыруын айтайын. Ол кезде Европаға тәуелді АҚШ Конгресі Рухани мықты, мәдениеті өзгелерге өнегелі ел болуды жоспарлайды. Алдымен, Нью-Йорктегі барлық киноөндірісті Лос-Анжелстегі Hollywood-қа көшіреді. Себеп, кино мамандары үлкен қалада басқа да кәсіппен айналысып, өнерге “халтура” қөзқарасында жүрген. Калифорния штатындағы шағын қалашықта олар еріксіз Киномен ғана айналасуға мәжбүр болған. Нью-Йорктағыдай сан-сала бизнес жоқ. Тек текті өнер. Содан бері жүз жыл өтті, Голливудта 200 мыңдай ғана тұрғын бар. Хош, сонымен 20 жылда Голливуд өнері Европаны биледі. Американдар рухы жаңғырып, спортшылары Олимпиада да бірінші орынға шықты.
Осы нәтижеге жеткенде әйгілі президент Т.Рузвельт Мәдениет және Спорт Министрліктерін таратып жібереді. Американдықтар Рухын көтерген тұлғаларды ешкім билеуге құқысы жоқ. Ақшаны Финанс Министрлігі бөледі. Адам жан-дүниесі “бюрократ министрге” тәуелді болса, ғажап өнер тумайды дейді. Содан бері Әлемнің 90 % шикізаты, жер бетіндегі барлық мемлекеттер АҚШ долларына қызмет жасауда…
Соны қайталап, қарапайым қалаға айналған Семейге “Қазақфильмді” көшірсек, Рухани жаңғырармыз. Семейде Астана мен Алматыдағыдай топан ақша жоқ. 2-3 жұмыс жасап жалақы табытын тағы ешкім жоқ. Жұмыс орны тапшы. Мұнда амалсыздықтан, озық елдердей “бір адам- бір кәсіп-бір мамандық” принципі. Көз көріп жүрген КИНОТЕЛЕ неге өспейді? Таланттар бар. Сол таланттар, қазына қаржысына жақындар: продюсер, диктор, режиссер, актер, сценарист. Оған қоса: ресторан, қонақ үй, сән салоны, фитнес қожайындары. Талант қанша жерден Ғұлама болса да, бір адам мұның бәрін жасай алмасы анық. Нәтижесі “шолақ, шала жансар” өнер. Ал олар Семейге барса бір мамандықпен ғана шұғылданады. Басқа амалдары болмайды. Ол өркениеті өрелі, өнегелі елдер қағидасы. “Бір адам бір кәсіппен айналыссын.”
Міне, бәрімізге үлгілі американдықтар жүз жыл бұрын өткен Рухани жаңғыру ережесі осы. Семейвуд соған сай, біздің Голливуд. Триллер түсірсен полигон жанында. Өндіріс десеңіз Павлодар мен Өскемен тиіп тұр. Таулар мен дала жетеді. Тұрғын үй арзан. Еліміздің түпкір-түпкірінде жүрген жүздеген талантты қыз-жігіттердің басын Семейде біріктіріп бағың ашар едік. Өйткені олар жалақысының 70 пайызы жалдайтын пәтеріне кететін Алматы мен Астанаға бара алмайды.
Тәуелсіздіктен кейін туған ұрпақтың әлеуметтік жағдайын ескере отырып, барлығының таланттарын көрсетуіне осылайша бір мүмкіндік жасау қажет.
Махат Садық
Фэйсбук парақшасынан алынды