Показать содержимое по тегу: сыбайлас жемқорлық
Ағымдағы жылдың ақпан айында Алматы облысы Заречный кентіндегі ЛА 155/16 колонияларының бірінде колония қызметкері сотталушыға ұялы телефон сатып, ақшасын алмағаны жайлы факт анықталды. Оқиға бойынша Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде. Осыған орай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен ҚР ҚПК 200-бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсыныс жолданған болатын, ұсыныста қамауда ұсталғандарды апта сайын медициналық қарауды және камерада бейнекамерамен жабдықтау туралы көрсетілген. Бұл туралы silteme.kz AA хабарлайды.
Былтырғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 26 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның 2 миллионнан астамы қағаз жүзінде іске асырылды. Бұл туралы Шымкент қаласында өткен оқу семинарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев мәлім етті, деп хабарлайды silteme.kz.
Ұлттық қауіпсіздік комитетіне Антикоррупциялық қызметке қатысты істерді тергеуге құқық беру ұсынылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.