Показать содержимое по тегу: қызмет
Нұрлан Ермекбаев Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Былтырғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 26 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның 2 миллионнан астамы қағаз жүзінде іске асырылды. Бұл туралы Шымкент қаласында өткен оқу семинарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев мәлім етті, деп хабарлайды silteme.kz.
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің бұйрығына сәйкес, 2018 жылғы 15 қаңтардан бастап «Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру ережелерінің» жеңілдетілген нұсқасы қолданысқа енгізілді, деп хабарлайды ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі баспасөз қызметіне сілтемемен silteme.kz.
Алматы облысының Алакөл ауданындағы Көлбай ауылының әкімі қарды трактормен өзі тазалап жүр. Жергілікті тұрғындар ауыл басшысының еңбекқорлығына тәнті болып, видеоға түсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елорданың Есіл ауданында цифрлық Халыққа қызмет көрсету орталығының ресми түрде ашылуы болып өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.