Показать содержимое по тегу: Министрлік
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Қостанай облысының азаматтық қоғам өкілдерімен кездесіп, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді. Кездесу барысында қатысушылардың бірі министр Ермекбаевқа сұрақ қойып, Министрлік пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арасындағы өзара іс-қимылды бес балдық шкала негізінде қалай бағалайтынын сұрады, деп silteme.kz АА хабарлайды.
Жаңа оқу жылында еліміздің мектептерінде информатика пәні 3 сыныптан бастап оқытылмақ. Бұл туралы Білім және ғылыми министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеп отыр, деп silteme.kz АА altaynews.kz желілік басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрілігінің Алқа мәжілісінің кеңейтілген отырысында министр Нұрлан Ермекбаев жыл сайын «Жомарт жүрек» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін ұйымдастыруды тапсырды, деп Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап silteme.kz АА хабарлайды.
СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов мұндай мәселелер ешқашан назардан тыс қалмайтынын айтты. Қытай оқулықтарында Қазақстан жерінің Қытай жері деп көрсетілуіне қатысты қандай да бір мәлімет пайда болса, бұл мәселе үкіметаралық кездесулерде міндетті түрде көтеріледі. Қазақстан үкіметі бұған тосқауыл қояды. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Бурабайдағы сервистің сапасын жақсарту үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.