«Біз Қазақстандағы барлық ресми тіркелген діни бірлестіктермен, соның ішінде Қазақстанның ең ірі діни бірлестігі - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен де сындарлы қарым-қатынаста жұмыс жасаймыз», - деді министр Нұрлан Ермекбаев.
Н. Ермекбаевтың айтуынша, министрлік діни басқармаға әртүрлі бағыттағы маңызды мәселелерді шешуде қолдау көрсетеді.
«Діни саладағы барлық ұсыныстарымыз бен шешімдеріміз бойынша біз ҚМДБ басшылығымен алдын-ала консультациялар өткіземіз, олармен кеңесеміз, сондай-ақ басқа да ірі конфессиялар басшылығымен кеңесеміз. Сондықтан, Муфтиятпен өзара байланысмызға бес деген баға беремін. Сондай-ақ Қазақстандағы екінші үлкен конфессия болып табылатын Орыс православие шіркеуімен де өзара іс-қимылымызды бес деген баллмен бағалаймын. Ал, іс-қимыл әріптестігіміз белсенді жүрмей отырған өзге конфессиялармен байланысымызды 4 баллмен бағалауға болады. Бірақ одан төмен емес» - деп жауап берді Нұрлан Ермекбаев.
Естеріңізге сала кетейік, 23-24 ақпан күндері министр Нұрлан Ермекбаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың халық алдындағы есептік кездесуіне қатысты. Сондай-ақ, министр облыстағы бірқатар ұйымдарды, өңірдегі мәдени және рухани нысандарды аралады. Оның шінде Аймағанбетқажы Спанұлы атындағы облыстық мешітіне барып, имамдармен кездесуінде ҚМДБ-ның облыстық филиалы жұмысындағы мәселелерді талқылады.