"Жағдайды ретке келтіру және туристерді көптеп тарту үшін Щучье-Бурабай курортты аймағының дамуына арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Ең алдымен, бұл ішкі және жол маңында қызмет көрсету сапасын жақсарту. Екіншіден, туристерге ыңғайлы болу үшін жаңа нысандар салынады", — деді министр.
Мұхамедиұлының айтуынша, Бурабай мен Щучье көлдерінен басқа, үкімет Үлкен және Кіші Шабақты көлдеріне баса назар аудармақ. Бұл көлдердің айналасы туристер үшін жабдықталады.
"Менің ойымша, 2018-2019 жылдары Щучье-Бурабай курортты аймағында жағдай мүлдем басқа болады, жақсы жаққа өзгереді", — деді ведомство басшысы.