Король Артурдың қамалын тапты
11.08.2016, 17:00

Король Артурдың қамалын тапты

Нұртөре САМАРҚАН Нұртөре САМАРҚАН egemen.kz

Британдық археологтар Кор­нуолл графтығының аума­ғы­нан біздің эрамыздың VI ға­сырына тиесілі қамалдың орнын тапты. Король Артур туралы аңыздарда осы аймақтағы жер атау­лары жиі айтылатынын, сондай-ақ, аршылып алынған жәдігерлердің сипатын ескеріп, ғалымдар бұл қамалды әйгілі король мекендеген деп жорамалдап отыр, деп хабарлайды egemen.kz.

– Өз заманында өте қымбат бұйымдарды тұтынғанына қара­ғанда, қамал қожайыны ақсүйек адам болғаны байқа­лады. Қару-жараққа құмарлығы, сауыт-саймандары оның асқан батыр адам екендігін білді­реді. Король Артур туралы аңыздарда дәл осы жерлердің атаулары айтылуы бекер емес деп ойлаймыз. Дәу де болса, ол осы қамалды мекендеуі мүмкін, – дейді археологтар.

Аңызға сенсек, британ­дықтардың көсемі Король Артур жан-жақтан анталаған жау­ларына тойтарыс беріп, ұзақ жылдар бойы елін қорғаған хас батыр болыпты. Оның Эскалибур деген атпен әйгілі қылышын тастан суырып алып жатқан мүсіні дәл осы Корнуолл графтығында орналасқан.

Король Артур әлемдік әде­биет­тегі, кинодағы, бейнелеу, мүсін өнеріндегі ең әйгілі кейіпкерлердің бірі болып саналады. Заманауи компьютерлік ойындарда да оның образы үлкен қызығушылыққа ие.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер