Қалай пайда болды?
Бүгінгі таңда фотосурет және видеоны байланыстырып, қызықты хат алмасуға арналған Snapchat қолданбасы АҚШ-та пайда болған. Оны американдық Эван Шпигель, Бобби Мерфи және Френк Браун есімді студенттер Стэнфорд университетінде оқып жүргенде жасап шығарған. Ең алғаш Snapchat авторлары 2011 жылы сәуірде өз курстастары арасында ұсынып, мамырда жалпы көпшілікке ұсынылды. 2012 жылы Snap қосымшасында секундына 25 фотосуреттер жасалынған. Бұл көрсеткіш аздаған уақыт ішінде жастар арасында аса жылдамдықпен таралғанын көрсетеді. 2013 жылы күн сайын 758 миллион бейнелер қолданылған. Көпшілік жастардың айтуынша, Snap ертегі кейіпкерлері мен мультфильм кейіпкерлерін жасап, видео жазып, мәтін мен кескіндерді қосып, көңіл-күйді көтеретін хабарлама. Ал осындай жіберілетін сурет пен видео «Snap» деген атаумен танымал. Брендке де, трендке де айналған Snapchat кез-келген әлемге танымал жұлдыздар мен жастардың, жолдастардың әлеуметтік парақшасында міндетті орын алған.
2015 жылдың наурызына дейін snapchat-ты ұзақ мерзімде көруге шектеу қойылып, 1 мен 10 секунд аралығында болған. Тек соңғы snap-ты ғана 24 сағатта 1 қайталап көру мүмкіншілігі пайда болды. Snapchat статистикасы бойынша 2014 жылдың мамырындағы мәліметке сәйкес, қосымшаның қолданушылары күніне 700 миллион фотосурет пен видео жіберген. Snapchat Stories-тегі контент күніне 500 миллион рет қаралған.
Биылғы жылы Snapchat күнделікті пайдаланушы белсенділер саны 150 миллионға өсіп, Twitter қолданушылар саны кем дегенде 140 млн-нан асқан.
Инвесторлардың айтуынша, Snapchat аудиториясы толықтай жастардан тұрады және олар бір күнде жарты сағат уақыттарын жұмсайды.
Танымалдылық – тез арада
Соңғы бір жылдың ішінде Snapchat –тың Қазақстанда және барлық әлем елдерінде бірден танымалдылыққа ие болуының бірнеше себептері бар. Біріншіден, тыңдармандары көп жұлдыздар инстаграм парақшасында оқырмандарын қызықтыру үшін Snap-ты пайдаланды. Нәтижесінде танымал жұлдыздардың миллиондаған оқырмандарының еліктеу барысында тез таралған. Екіншіден, анимациялық бейнелер мен бір көргеннен қызығушылықты арттыратын мультфильм түрлері, жануарлар, қыздардың сұлу бейнесін жасап шығаратын қосымшалар арқасында жастар белсенділігі артқан. Үшіншіден, зеріккен, уақытты қызықты өткізгісі келетін әрбір үшінші адамға ермек ретінде ойнайтын құрал. Осындай фактілер әсерінен танымалдылыққа тез арада қол жеткізген Snapchat қоғамдағы өнер, сән және жарнама беттерінен де табылып, өте жоғары сұранысқа ие брендке айналды.
Компания табысы қандай?
Snap-тың жылдық табысы 1 млрд доллардан аспайды. Қосымшаны қаржыландыру үшін 1,8 млрд доллар инвестицияны Sequoia Capital, General Atlantic, Benchmark, Alibaba, Yahoo және Fidelity компанияларынан алған.
Snap компаниясы инвесторларға берген мәлімдемесінде 2016 жылы 250-350 млн доллар табыс күтіп, 2017 жылы бұл көрсеткішті 1 млрд долларға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Өткен жылы Snap кірісі 60 млн долларды ғана құраған. Түрлі шетелдік БАҚ көздері компанияны 10-20 миллиард долларға бағалайды.
Snap-тың жаңа функциялары
Snapchat-тың қызықты қосымша мүмкіндіктері мен түрлері ай сайын жаңарып, тұрақты қолданушыларын қуантуда. Жаңарту барысында пайдаланушылар 7 Selfie сүзгілерін тегін қосып, бұрын болмаған зомби кескіндері мен аузынан кемпірқосақ шығару, көздерін үлкейту сияқты мүмкіндіктерді қолдана алады. Сонымен қатар ескі суреттер мен бейнежазбаларды қайталап көретін «Replay» функциясы бар. Snapchat әзірлеушілері қолданушыларға жойылған файлдарды 3 рет көрген жағдайда 0,99 доллар төлеуді көздеп отыр. Алайда, пайдаланушылар тарапынан жаңарту болған жағдайда тегін болуын немесе мүлде алынып тастауын жөн көреді.