Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлайды.
«Мидың денсаулығы мен бұлшық ет күшінің арасында байланыс бары анық байқалады. Ендігі бұлшық еттерді дамытатын әрекеттер, мысалы зілтемір көтеру арқылы миды дамыту мүмкіндігі бар-жоғын анықтауымыз қажет», – дейді зерттеушілер.
Сонымен қатар зерттеушілердің пікірінше, қол қысқанда әлсіздік танытатын адамдар миындағы ақ заттың тығыздығы төмен болады екен. Осылайша, қолды қысу күші арқылы ересек және егде жастағы адамдардың ақыл-ой қабілетіндегі өзгерістерді аңғаруға болады.