Ғалымдар ірі қалаларда тұру неге қауіпті екенін айтты
10.03.2018, 10:02

Ғалымдар ірі қалаларда тұру неге қауіпті екенін айтты

Адамның терісінде ұсақ ағза көп болған сайын, тері ауруларына шалдығу қатері төмендейді.

Ауылда өмір сүретіндерге қарағанда ірі қалалар халқы тері ауруларымен жиі ауырады. Оңтүстік Кореядағы бірнеше ғылыми зертхананың ғалымдары осындай қорытындыға келді, деп жазады РИА Новости

Бұған дейін ғалымдар тері ауруларына ауаның ластануы себеп болуы мүмкін деген болжам жасаған еді.

Зерттеушілер адам терісін мекен еткен ұсақ ағзалардың "өміріне" талдау жасады. Ол үшін Қытайдың бес қаласында тұратын 231 әйелден анализ алған. Үшеуі үлкен қала саналса, қалған екеуі – мегаполис. 

Зерттеу барысында үлкен қалаларда тұратындарға қарағанда мегаполис тұрғындарының терісінде микроорганизм анағұрлым аз екені анықталды. Тиісінше, ұсақ ағза теріде көп болған сайын, дерматитпен ауыру қатері де төмен болады. 

Айта кетсек, бұған дейін АҚШ дерматологтары қымбат косметика мен пластикалық хирургтердің көмегінсіз бетті жасартудың әдісін тапқан болатын. Ол үшін күніне жарты сағат мимикалық гимнастикамен айналысу жеткілікті. Мамандар "бетке арналған жаттығудың" 20 апталық бағдарламасын әзірледі.



Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер