Лимон шырыны адамның жұмыс істеуге деген қабілетін арттырып, психологиялық тепе - теңдікте болуына көп септігін тигізеді. Сондықтан лимон шырынын зерттеушілер емтихан тапсыруға бара жатқан студентке, маңызды кездесуге баратын жұмысшыларға, көпшілік алдында сөз сөйлеуге шыққалы жатқан адамдарға және есте сақтау қабілеті мен мидың жұмысын жақсарту үшін ішуге кеңес берді.
Лимонның езілген қабығын тастамаңыз, оны қайнаған ыстық суға салып қойсаңыз, біраздан соң жап-жақсы иіс су (туалетная вода) аласыз. Онымен теріні, жуылған шашты шаюға болады.
©bilimdiler.kz