1. Шырын дайындау үшін ең жақсы,піскен және денсаулыққа пайдасы мол жеміс-жидектерді таңдаңыз. Жеміс-жидектердің соғылған, шіріген немесе босап қалмағанына көз жеткізіңіз. Пайдаланар алдында суға дұрыстап жуыңыз.
2. Пышағыңыздың және пайдаланатын заттарыңыздың алюминийден және темірден болмауына көңіл бөліңіз. Себебі жемістер алюминиймен немесе темірмен байланысқа түсіп шырынның құрамы мен дәмі бұзылуы мүмкін.
3. Кесілген бөліктерін бірден шырынсыққышқа жіберіңіз. Себебі кесілген жеміс-жидектер тұрып қалса, дәмі мен құрамын жоғалтуы мүмкін.
4. Шырынға көкөністердің жапырақтарын қосып үйреніңіз, себебі олар дәрумендер мен минералды заттарға өте бай келеді.
5. Цитрус өнімдерінен шырын дайындағанда ішіндегі жұмсағын бірге қосуды ұмытпаңыз. Өйткені барлық дәрумендер сол жерде болады.
6. Аз ғана тамшы лимон сығындысы шырынның түсін сақтап қалуға және шырынның қышқылданып кетпеуіне көмектеседі.
7. Егер шырынның ішінде жеміс-жидектердің түйірлері сақталып қалғанын қаласаңыз, шырынсыққышпен бірге блендерді қолданыңыз.
8. Шырынды дайындап болғаннан кейін 1 сағат өткесін ішіңіз немесе қақпақтан ауа өтпейтіндей етіп жауып тоңазытқышқа салып қойыңыз. Немесе дайын болғаннан кейін бірден қатырып алыңыз да, мұзы ерігеннен кейін ішіңіз.
9. Шырын құрамында көп мөлшерде секер мен органикалық қышқылдар болатындықтан, шырынға аз ғана су қосып арнайы шырын сорғыш құралдармен сорып ішкен жөн. Немесе шырынды ішкеннен кейін ауызыңызды сумен шайып отыруыңыз керек.
10. Егер асқазаныңыз ауыратын болса, шырынды ішпегеніңіз жөн.
©kenester.kz