Таңертең сергек оянудың жолдары
28.01.2018, 09:00

Таңертең сергек оянудың жолдары

Қыс таяған сайын, біз де аюлар сияқты ұйқыға бейім боламыз. Таңертең оянуға қалай болады деп ойласаңыз Tabysker.kz ұжымы жастықпен қоштасудың үздік әдістерін топтастырды. Бұл қиындық сіздің де бойыңызда болса, онда танысып, оқып алыңыз.

Түскі ас кезінде серуендеңіз. Таза ауа аясында серундегенді дағдыға айналдырыңыз. Сонда жеңіл ұйықтап, сергек тұрасын шығарсыз.

Таңғы жүгіру мен фитнесті кешкі мерзімге ауыстырыңыз.Таңғы спорт жаттығуларын көктем келгенге дейін кешкі мерзімге ауыстырыңыз. Ғалымдардың пайымдауы бойынша, бұл тіпті денсаулыққа да пайдалы.

Сағат 20:00 көрсеткеннен кейін теледидарды қоспаңыз.  Күлгін электр сәулелері ұйқы тұрақтылығын реттеуші мелотиннің жұмысын баяулатады.

Ұйықтар алдында майшам жағыңыз. Дұрыс таңдалған майлар ұйқыны реттеуге көмектеседі. Тек, оны өшіруді ұмытып кетіп, үйді отқа орап жүрмеңіз.

Ұйқыға жатар алдында, таңғы асқа тәтті тағам әзірлеймін деп уәде беріңіз. Жатарда нәр татпаңыз. Жеңіл асқазан сізді бірден таңертен оянуға көмектеседі.

Ұйқыдан қашпаңыз. Тым ерте болса да, көзіңіз ілінсе, мызғып алыңыз. Тәтті түске бөлген бірнеше сағат артық болмайды.

Терезені ашып қойыңыз. Улы газдарды жойып қана қоймай, ұйқыңызды да қандырасыз.

Сағат қоңырауын төсектен алшақ қойыңыз. Оны өшіруге тұрғаннан кейін, ұйқыңыз ашылады.

Жайлы әнге ояныңыз. Тым қатты, әрі дөрекі ән таңғы серпіліске жарамайды.

Сізді күтетін қызықты саяхат туралы ойланыңыз. Немесе, сізсіз бұл күнді түнек басатындай көріңіз.

Оянғаннан кейін жыбырды іске қосыңыз. Төсекте жатып, бойыңызды сергіте беріңіз.

Үлкен мақсат қойыңыз. Таңертең оянуға қиын ба? Тек мақсат қана адамды қанаттандырып, таң болсын, түн болсын, аяғына тұрғызады.

Тезірек жарықты қосыңыз. Жарық мелотинді баяулатады. Нәтижесінде, аяққа тез тұрасыз.

Таңғы ас алдында бір стақан су ішіңіз. Асқазан мен организімді іске қосады. Күні бойы сергек жүресіз.

Терезені ашып, бірнеше рет терең дем алыңыз. Таңертең оянуға өте көмектеседі. Тіпті, терезенің ар жағында дауыл соғып жатса да.

      ©tabysker.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер