24.kz арнасы порталындағы дерекке қарағанда, Боливия тұрғыны қуыршаққа айналып, өзінің осы кейпін ұнататынын жұртқа хабарлаған.
"Хани Цубаса жастайынан қуыршаққа құмар болатын. Сондықтан төрт жасқа толғанда әкесі оған түрлі косметиканы сыйға тартады. Қуанған ол қуыршақша боянуды үйреніп алады. Кейін тіпті қуыршақша киінетін де болған" деп жазады портал.
Елден ерекше болмысымен танылып отырған қыз әкесінің бала кезіндегі сыйлығынан бөлек қуыршақ қыз туралы әңгімеден де зор әсер алғанын айтқан.
«Мен Кота Коти қуыршақ-қыз туралы әңгімені оқыдым. Ол мені өзінің сұлулығымен таңғалдырды. Сосын менде сондай макияж жасайтын болдым», – деп атап өткен Цубаса.
Оның айтуынша, ата-анасы бұл қылығын қолдайтын көрінеді. Себебі олар қуыршақ болу оның бала кезгі арманы екенін біледі екен. Бірақ бұған қайшы келетіндер де жоқ емес.
«Кейбір адамдар мені күйзеліске ұшыраған деп ойлайды. Тіпті «жынды шығарсың» дегендер де болды», – деп қынжылыс білдірген ол.
Сондай-ақ, Хани Цубаса өзінің жасын нешеде екенін жасырып отыр. Әзірге құпия. Оның жанкүйерлерінің дені – кішкентай бүлдіршіндер. Оның макияжды қалай жасау керектігін үйрететін бейнелерін қызығушылықпен көреді екен. Әрине, бұған алаңдаушылық білдіріп отырғандар да баршылық.