Қазақстанда қытай тілін үйрену өзекті мәселе болып тұр, деп санайды Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі жазды.
Назарбаев қазақстандықтарды қытай тілін үйренуге көп көңіл бөлуге шақырды
"Қытай тіліне көп көңіл бөлу керек. Қытай экономика бойынша және аймақ бойынша ірі серіктесіміз болып жатыр", – деді Нұрсұлтан Назарбаев бейсенбі күні "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы аясында өткен оқулықтар презентациясында.
Сонымен қатар, президент биыл тағы бірнеше шетелдік оқулықтарды аударуды ескеру қажеттігін атап өтті. Оның ішінде, "қазақ жоғары оқу орындары үшін орыс тіліне аудару өте маңызды", – деді ол.
"Біздің студенттердің ең үздік әлімдік стандарттар бойынша білім алуға мүмкіндігі болуы тиіс. Бұл оқулықтарды орыс тіліне аудару бізге қиындық тудырмайды", – деп қосты Президент.
Айта кетейік, Астанада "Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы аясында аударылған алғашқы кітаптардың таныстырылымы өтті.
Назарбаев қазақ халқы әлемге өз мәдениетін, өз тарихын паш еткісі келетінін, бұған ешкім таңғалмауы тиіс екенін айтты.
Сондай-ақ дін өкілдеріне әлемдік діндердің шығу тарихын оқуға кеңес берді.
Мемлекет басшысы Қазақстанда білім сапасын жақсарту мақсатында университет саны қысқаруы мүмкін екенін жеткізді.
Назарбаев білім сапасын да сөз етті.
Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.
Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13