Келіссөздер 17-18 мамырда Вашингтон қаласында өтті. Қытай Халық Республикасы Құрама Штаттармен алыс-берісті ұлғайта түсуді жоспарлап отыр. Ал АҚШ Қытайға бұл келісімді жан-жақты пысықтау үшін арнайы делегация жібереді. Айта кетейік, бұған дейін қытайлық делегация Вашингтонда болып, жәй-жапсарды ақылдасты. Әрі Ақ үй басшысы Дональд Трампқа екі ел арасындағы сауда-саттық тапшылығын қысқартуға бағытталған шараларды ұсынған болатын.
Қытай мен АҚШ ынтымақтасатын болды
Қытай мен АҚШ саудадағы үйлесім туралы келісімге келді. Тараптар ауыл шаруашылығы өнімдері мен энергияны экспорттау және зияткерлік меншікті қорғау саласында ынтымақтастық орнататын болады, деп хабарлайды 24. kz.