Венгр антропологтары Кейкі батырдың бейнесін айнытпай салып береді
19.10.2016, 09:25

Венгр антропологтары Кейкі батырдың бейнесін айнытпай салып береді

1916 жылы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың бірін басқарған Нұрмағамбет Көкембайұлының бейнесін антропологиялық жұмыстар нәтижесінде қалпына келтіреді, деп хабарлайды baq.kz.

Кейкі батыр деген атпен белгілі қайраткердің бас сүйегін Ресейден Астанаға әкелгені туралы хабар қазан айының басында тараған еді.

 Венгриялық антрополог Андраштың айтуынша, қалпына келтіру жұмыстары Кейкі батырдың бейнесін 99 пайызға айнытпай анықтауға мүмкіндік береді.

"Қалпына келтіру жұмыстарын ғалым Агнеш Куштар жүргізеді. Біз томографтың көмегімен беттің үш пішінді кескінін жинауға тырысамыз. Сол арқылы батырдың бейнесін айнытпай салуға болады. Бұдан бөлек ДНК сараптама жасалады, өйткені батырдың ұрпақтары болуы мүмкін," — деді Андраш Биро.

Будапештегі Жаратылыстану ғылымдарының мұражайы Кейкі батырдың бейнесін қалпына келтіруге арналған әдістерді таныстырады. Андраш Бироның айтуынша, венгр ғалымдарының жұмысы желтоқсан айында жарияланады.

 

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер