«Самғау» жеңімпаздары Экспо-2017 насихаты үшін «Халық маркасымен» бірге 12 елді аралауы мүмкін
11.10.2016, 12:37

«Самғау» жеңімпаздары Экспо-2017 насихаты үшін «Халық маркасымен» бірге 12 елді аралауы мүмкін

Бұл туралы бүгін ОКҚ-ғы журналистер арасындағы өткізіліп жатқан Ұлттық «Самғау» байқауының барысы туралы қоғамдық комиссияның брифингінде «Халық маркасы» қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясы» ЗТБ президенті Рима Тәжібаева мәлімдеді, деп хабарлайды silteme.kz.

 «Біз байқаудың гран-при жүлдесіне Қазақстанда жасалған Халық маркасы Jac S3 автокөлігін және 7 номинация бойынша 10 000 000 теңге байқау қорын ұсынып отырмыз. Бірақ, бұған дейін өзіміз және өзге де әріптестеріміз, мемлекеттік мекемелердің өткізген байқауларын сараптай келе, еліміздің әрбір өңірі жеке дара атап өтілуі керек деген тоқтамға келдік. Сондықтан да, әрбір өңірге аймақ атына арналған бір номинациядан бекітуді және алдағы уақытта жеңімпаздарды Экспо-2017 насихаты үшін «Халық маркасымен» бірге әлемнің 12 елін аралатуды жоспарлаудамыз. Қазіргі таңда осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде, - деді ол.

Сондай-ақ, ЗТБ президенті ұсынылған материалдардың да қоғамдық күтілім мен байқаудың мақсаттарына сай болуы керектігін айрықша атап өтті. Яғни, берілген материал байқаудың шарттарына сәйкес келмеген жағдайда өтінім қоғамдық комиссия қарамайды. Егер конкурстық материалда техникалық қателер, нормадан тыс лексика, экстремизмге шақыру, «Жарнама құқығында» деген сілтеулер болса, мұндай материалдардың байқауға қатысуына рұқсат етілмейді.

Айта кетейік, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 25 тамыз бен 10 желтоқсан аралығында журналистер арасында «Самғау» ұлттық байқауы өткізілуде. Аталған байқаудың мақсаты – Халық маркасы сертификатына ие болған қазақстандық өндірушілердің үздік және қолжетімді өнімдері туралы мәлімет беру, сондай-ақ, отандық брендтер жайлы тақырыпты халыққа түсіндіріп таратуға үлес қосатын үздік жұмыстарды анықтау

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер