Р.Тәжібаева журналистер қауымын отандық өндірушілердің беделін арттыруға үндеді
11.10.2016, 12:19

Р.Тәжібаева журналистер қауымын отандық өндірушілердің беделін арттыруға үндеді

Бүгін ОКҚ-ғы журналистер арасындағы өткізіліп жатқан Ұлттық «Самғау» байқауының барысы туралы қоғамдық комиссияның брифингінде «Халық маркасы» қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясы» ЗТБ президенті Рима Тәжібаева байқаудың мақсаты мен міндеттерін кезекті рет атап өтті, деп хабарлайды silteme.kz.

 «Отандық өнімді қалай насихаттауға болады? «Самғау» байқауын не үшін ұйымдастырдық? Баршаны осы сауалдардың мазалайтыны анық», - деді ол.

ЗТБ президентінің айтуынша, бұл сұрақтардың жауабы мынадай: ең алдымен, отандық өнімдерге жергілікті нарыққа дендей енуіне алғышарттар мен жағдай жасау керек.

«Біз өз деңгейімізде бұл бағытта барынша жемісті жұмыс жасаудамыз. Айталық, елорданың Орталық базарындағы «Самғау» сауда орынында жақында ашылған павильон қазақстандық тауарлармен толығуда. Отандық өнімнің басын қосқан осынау алаңнын артықшылығы – сатушылар орынды жалға алу үшін ақы төлемейді. Тауарын қою тегін. Қазіргі таңда тауар айналым көлемі 20 миллион теңгеден жоғары. Міне, осындай ілкімді қадамдар арқылы отандық төл брендтерді ілгерілетуге болады», - деп атап өтті ол.

«Екіншіден, байқау мақсаты – республиканың барлық өңірлерінде қазақстандық өндірушілердің өнімі туралы қоғамда оң пікірді қалыптастыру, сондай-ақ, «Халық маркасы» жобасы тақырыбын насихаттап жүрген журналистердің қызметін және БАҚ өкілдерін көтермелеу және ынталандыру. Осы міндеттердің аясында отандық тауар өндірушілерді насихаттау тақырыбы бойынша журналистердің кәсіби денгейін дамыту, ел назарын қазақстандық брендтерді білуге және түсіндірме жұмыстарына шақыру кіреді. Бір сөзбен айтқанда, бұл байқау отандық өндірушілердің беделін арттыруға ақпараттық қолдау көрсетуге және халық арасында отандық өнімді насихаттау үшін бірігуге бағытталған.», - деді Р.Тәжібаева.

Айта кетейік, байқау қорытындысы бойынша ең үздік 16 аймақ журналисіне дүниежүзінің 12 елі, яғни Ресей, Грузия, Армения, Әзербайжан, Украина, Тайланд, Египет, Қытай, Түркия, БАӘ, Үндістан мемлекеттеріне жолдама беру жоспарлануда.

 

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер