Кейкі батырдың бас сүйегі елге әкелінді
06.10.2016, 09:54

Кейкі батырдың бас сүйегі елге әкелінді

Бүгін Астанаға Рессейден Кейкі батырдың бас сүйегі әкелінді , деп хабарлайды egemen.kz.

 Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары хабарлағандай, Ресей мен Қазақстан Үкімет басшыларының кездесуі барысында Кейкі батырдың бас сүйегін елге қайтару жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілген болатын. Сол келісімге сәйкес, бүгін таң ата қаншама жылдар бойы Петербург қаласында Кунсткамерада тұрған батырдың бас сүйегі Қазақстанға жеткізілді. Бұдан әрі қандай рәсімдер атқарылып, батырдың басын жерлеу жұмыстары жүреді. Бұл жаңалық барша қазақты қуантары сөзсіз. Ақын Серік Ақсұңқарұлы шағын толғау жазып та үлгерді.

Келе жатыр алтын Басы Кейкінің…
Жаудан жалғыз –

Шаһид кешкен дейтұғын,

Келе жатыр алтын Басы Кейкінің;

Масайраған оның мұнда жоғында,

Орман жұрты қала барды соңында.

 

Кеудесінде қалып қоймай зар әні,

Маңдай, шеке сүйегіне тарады;

Ата жаудан көңілі қалған, қайран, Бас

Арт жағына қайырыла бір қарады…

Белес, белес, белес деп,

Айдарынан сипағандай жел иіскеп;

Бас келеді тоқсан жылдай көрмеген,

Өз денесі

Өз көзіне

Елестеп!

Табанының астында қап тағылық,

Қасіретті қара түнді жамылып,

Бас… келеді тоқсан жылдай торығып,

Өр кеудесін!

Өкпе-бауырын сағынып!

 

Улап-шулап әлеуметтік желі кеп,

Демін ішке тартқан кезде төңірек,

Тоқсан жылдай екі көзі төрт болған,

Торғай жұрты қоя берді еңіреп…

 

Бас келеді баса-көктеп ғасырды,

Әлихан мен іздеп Қаныш…

Қасымды;

Қарай бермей жаутаң-жаутаң төменге,

Көкке қарай көтер, қазақ, басыңды!

Серік Ақсұңқарұлы

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер