- Біз ойлағандай, Ресейге қарсы ойын команда үшін өте қиын болды,- деді Айтқожин. – Спортшылардың ойынға қандай көңіл күймен шыққаны белгілі болды. Ойын барысында туындаған қиыншылықтарға қарамастан спортшыларымыз ұлттық құрама намысын абыроймен қорғады. Голдар аз болса да, матч өте тартысты өтті. Осындай қиын топта бірінші орын алу - Какау шәкірттері үшін үлкен жетістік деп есептеймін. Алда ширекфиналдың ойындары бар және турнир барысында біздің команда тек алға ұмтылады деп үміттенемін. Ең бастысы команданы бүкіл ел қолдап тұрғанын ұмытпаған жөн.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан – Ресей матчы 1:1 есебімен аяқталды.
Айбар Рысдаулет
©prosports.kz