Көкшетауда «Домбыра» монументі ашылды. Жаңа автобустар да тосын сый болды
06.07.2019, 15:17

Көкшетауда «Домбыра» монументі ашылды. Жаңа автобустар да тосын сый болды

Жаңа автобустар және домбыра монументі Елорда күні мен Домбыра күніне орай көкшетаулықтар үшін тосын сыйлық болды, деп хабарлайды silteme.kz AA Ақмола облысы ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Көкшетау қаласында мерекені жаңа 30-автобустардың ішкі маршруттарда іске қосуымен қарсы алды.

«Бүгін Елорда күніне орай біз отандық өндіруші зауыты «СарыАрқаАвтоПром» ЖШС құрастырылған 31 дана жаңа автобустардың партиясын қабылдап жатырмыз. Тағы 13 автобус Көкшетау қаласына ағымдағы жылдың қараша айының басында келеді», - деді өңір басшысы Ермек Маржықпаев құттықтау сөзінде.  

Бұл жоба «Көкшетау автобус паркі» ЖШС тасымалдаушысының бастамасымен мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шеңберінде жүзеге асырылуда.

Жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасының ақпараты бойынша, осы жылы Қостанай қаласындағы "СарыАрқаАвтоПром" ЖШС қазақстандық автоөндіруші зауытында жиналатын 44 қалалық автобустарды жеткізуге келісім-шарт жасалды. Жаңа автобустар климаттық жағдайларға бейімделген, бейнебақылау камералары, автоинформаторы бар GPS-навигациясы, жолаушылар ағынының датчиктері, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған аппарель және жол жүруді электрондық төлеудің стационарлық терминалдары бар.

 

 

Болашақта облыс орталығының қоғамдық көлік паркін толық жаңарту және осы тәжірибені облыстың барлық қалаларында тарату жоспарланып отыр.

Қала тұрғындары үшін тағы бір қуанышты оқиға - «Домбыра» мүсіндік композициясының ашылуы болды. Монументтің авторы - белгілі мүсінші, суретші, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы Манарбек Бұрмағанов. Көкшетаулықтар 11 метрлік монументтің орны Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының аумағын таңдады. Стелла демеушілік қаражат есебінен жасалған және орнатылған.

Инсталяция ерекше символизмді белгілеп тұр, өйткені Ақмола жері - дәстүрлі музыкалық өнер бесігі, жалпыұлттық мұра болым саналатын, шығармалары мен шығармашылығы халықтың рухани санасын қалыптастыруға ықпал еткен көрнекті суырып-салма ақындардың отаны.

 

 

Ескерткіштің ашылуы Үкілі Ыбырай, Біржан сал және Ақан серіні бейнелеген жергілікті актерлер мен ақындардың орындауында көрсетіліммен ерекшеленді, ал облыстың 500 домбырашысы Түркеш пен Құрманғазының "Сарыарқа"күйін бір мезгілде орындады.

Мерекелік күн Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының әртістері дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер