Бұл туралы биыл "Славян базары - 2018" байқауына Қазақстанның атынан баратын әнші Amre Today.kz тілшісіне берген сұқбатында айтты.
"Димаш Құдайберген жасөспірімдер тобында төреші болады. Ал менің тобымда қазылар алқасында Роза Рымбаева отырады. "Славян базары" несімен ерекшеленеді? Әрине, әділдігімен. Бұрмалау деген болмайды. Роза Рымбаеваның қазылар алқасында отыратын қуанышты жағдай. Беделді кісі. Бірақ біріншіден Аллаға, екіншіден өзіме сену керек", – деді Әміре.
Естеріңізге сала кетейік, "Славян базары - 2018" байқауы 12-16 шілде аралығында өтеді.