Осы бай тілдің бір ерекшелігі, туыстық атаулардың түрі. Қазақы атаулардың мәні болмақ. Туып өскеннен қартайып әлі кеткенше уақыттағы атауларды айтар болсақ.
Бала – балиғат жасына жетпеген перзент.
Ұл – кәмілетке толмаған ер бала.
Қыз – кәмілетке жетпеген әйел бала.
Әке – перзентті болған ер адам.
Үлкен әке – әкенің ағасы болып табылады.
Кіші әке – әкенің інісі.
Ана – сәби сүйген әйел заты. (шеше)
Үлкен шеше – үлкен әкенің әйелі.
Өгей шеше – туған анасы қайтыс болған жағдайда, ажырасу кезінде, әкесімен қайта жаңадан отау құрған әйел.
Өгей әке – әкесі қайтыс болып немесе ажырасып кеткен соң, шешесі тиген ер адам.
Ата – әкесінің әкесі.
Әже – әкесінің шешесі.
Нағашы ата – шешенің әкесі. (ата)
Нағашы әже – шешесінің шешесі. (апа)
Кіндік шеше – туған кезде кіндігін кескен әйел. Қазақта кіндік шешенің жолы үлкен. Баланың туғанынан адам болып кеткенше, кіндік шеше жағдайын қамтамасыз етіп отырған.
Кіндік әке – перзенттік кіндігін кескен ер адам.
Аға – жасы өзінен үлкен ер адам.
Әпке – жасы өзінен үлкен әйел адам (қыз).
Ағайын-туыс – бір рудың адамдары.
Іні – жасы кіші ер адам.
Қарындас – ер адамдардан жасы кіші әйел (қыз).
Сіңлі – жасы әйел адамдардан кіші қыз.
Бауыр – бірге туған тумасы.
Жамағайын – аталас ағайын жұрты.
Жеңге – ағаның жұбайы.
Келін – баласының және інісінің жұбайы.
Жиен – ұзатылған қыздан туған бала.
Жиеншар – жиеннен туған перзент.
Дегеншар – жиеншардан туған бала.
Көгеншар – дегеншардан туған бала.
Жиен іні – ұзатылған қыздан туған (әпке-қарындастан) жасы кіші ер адам.
Жиен қарындас – ұзатылған қыздан туған (әпке-қарындастан) жасы кіші әйел адам.
Жиен сіңлі – ұзатылған қыздан туған (әпке-сіңілден) жасы кіші әйел адам.
Жезде – әпкенің күйеуі.
Күйеу – әйел адамның некелескен ері.
Күйеу бала – ұзатылған қыздың не қарындасы, сіңілілерінің күйеуі (ері).
Қайын ата – әйелінің әкесі.
Қайын ене – әйел жақтың анасы.
Қайын аға – сол үйдің (қыз жақтың) жасы үлкен ері.
Қайынбике – әйел жақтың әпкесі.
Қалыңдық – атастырылып қойған қыз.
Балдыз – әйелдің сіңілісі. (негізінен алып қарағанда көп жерлерде балдыз деп ер адамға да айтып жатады)
Балдыз келін – қайын інісінің әйелі.
Бажа – әйелдің әпкесіне не сіңілісіне жар болған адам, күйеу.
Нағашы аға – шешесінің аға-інілері.
Нағашы әпке – анасының әпке-сіңілдері.
Нағашы іні – шеше жақтың аға –інілерінен туған жасы кіші ер адам.
Нағашы қарындас – анасының туыстарынан туылған жасы кіші әйел адам (қыз бала)
Нағашы сіңлі – негізінен әйелдерге қаратылады. Шешесінің аға-інілерінен туған өзінен жасы кіші әйел адам.
Нағашы жеңге – нағашы ағаларының әйелі.
Нағашы жезде – нағашы әпкелерінің күйеуі
Нағашы келін – нағашы інілерінің әйелі.
Нағашы күйеу – нағашы қарындасы пен нағашы сіңіллерінің күйеуі. Бұл «нағашы келін, нағашы күйеу» деген жалпы тұрмыста қолданыста жоқ. Тек түбін қопарып зерделеп, кім екен деп келген кезде туындайтын дерек.
Бөле – туысқан, ағайын адамдардың арасында қыздарынан туған бала.
Қарын бөле – бір туған әпкелі–сіңілдердің баласы.
Бөле аға – ер бөлелілердің жасы үлкені.
Бөле қарындас – әйел бөлелілердің жасы кішісі (қыз бала).
Абысын – қайын ағаның әйелі.
Ажын – қайын інінің жары.
Төркін – тұрмысқа шыққан қыздардың әке-шешесі мен оның туып өскен ортасы.
Бел бала – әке-шешесінің өзінен туған төл перзенті (алғашқы дүниеге келген сәби).
Немере – ұлынан туған нәресте (екінші дүние есігін ашқан бала).
Шөбере – немереден туған бала (үшінші ұрпақ).
Шөпшек – шөбереден туған бала (төртінші ұрпақ).
Немене – шөпшектен туған бала (бесінші ұрпақ).
Туажат – неменеден туан бала (алтыншы ұрпақ).
Жүрежат – туажаттан туған бала (жетінші ұрпақ).
Жегжат – жүрежаттан туған бала (сегізінші ұрпақ).