Күн мен түн теңелген Наурыз мейрамы елімізде ғана емес, әлемнің әр түкпірінде әлі де мерекеленіп жатыр.
Мәселен, Қазақстанның Нью-Йорктегі Бас консулдығы АҚШ-тағы қазақ диаспорасы өкілдері мен студенттердің басын қосып, рухани кеш өткізді. Шараға ұлттық шапанымызды киіп келген Бас консул Жәнібек Әбдірашев, меймандарды мерекемен құттықтап, наурыздың мән-маңызы жайлы кеңінен баяндап берді. Ал алыста жүрген ағайын болса Қазақстаннан арнайы шақыртылған «Нұр Орда» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің орындаған әндері мен күйлерінен ләззат алып, мауықтарын басты.