Нұрлан Ермекбаев діни заңнамада мектеп киімі, міндетті екпе егу туралы сөз қозғалмағанын айтты
02.03.2018, 09:47

Нұрлан Ермекбаев діни заңнамада мектеп киімі, міндетті екпе егу туралы сөз қозғалмағанын айтты

ҚР Парламенті Сенатында азаматтық қоғам мәселелері бойынша өткен дөңгелек үстел отырысында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев діни саладағы заң жобасының кейбір нормаларына түсініктеме берді, деп хабарлайды silteme.kz АА.

«Кейбір адамдардың қате түсініктері немесе әдейі жасалып отырған жалған, бұрмалаған мәліметтері бойынша мынаны айтқым келеді, заңның өзінде мектеп киімі, міндетті екпе егу нормалары туралы сөз қозғалмаған, сақал, шалбар т.б. сияқты сөздер мүлдем жоқ», - деп баса айтты министр.

Н. Ермекбаевтың айтуынша, заң жобасы қоғам мен мемлекет алдында адамдар өз міндеттерін сақтай отырып, олардың құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз ету мәселесін бастапқы орынға қойып отыр. Заң жобасының бастапқы ұсынылған нормалары түскен ұсыныстарды есепке ала отырып түзетілу үстінде.

Діни саладағы заң жобасы еліміздегі тұрақтылық пен қауіпсіздіктің берік іргетасын қалыптастыруға бағытталған.

«Қазақстан Республикасының азаматтық қоғамды дамыту мәселелері бойынша заңнамасын жетілдіру» тақырыбында өткен дөңгелек үстел отырысына депутаттар мен мемлекеттік орган өкілдері, қоғамдық бірлестік жетекшілері қатысып, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты. Атап айтқанда, қоғамдық кеңестердің міндеттері, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік әріптестігін нығайту, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс сапасын арттыру, үкіметтік емес ұйымдарға гранттар бөлу, волонтерлық қызметті дамыту, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Атамекен» кіші бағдарламасын іске асыру барысы талқыланды.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер