Іс-шара қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуде мемлекет, бизнес және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылауға бағытталған.
Вице-министр Абзал Нүкенов өз сөзінде азаматтық қоғам өкілдерін қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге тарту қоғамның және жергілікті халықтың қажеттіліктерін ескеруге мүмкіндік беретінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл өз кезегінде жобалардың мемлекет үшін де, бизнес үшін де табысты болуын қамтамасыз етеді.
Абзал Нүкенов Мемлекет басшысының жаңа әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыруда үкіметтік емес ұйымдарды белсенді түрде тартуды ұсынды.
«Мәселен, үкіметтік емес ұйымдар кәсіпкерлікті микрокредиттеу бағдарламасына белсенді түрде қатыса алады, олар халықты тиісті ақпаратпен хабардар етуден бастап, микрокредиттерді бөлу барысына мониторинг жүргізу, микрокредиттердің нәтижелерін бағалау, жобалардың іске асырылуына бақылау жасау сияқты жұмыстарды атқара алады. Бұл қаражат бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді және сапаны жақсартады», - деді Абзал Нүкенов.
Вице-министр ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Атамекен» кіші бағдарламасы жүзеге асырылып, құжат іске қосылғаннан бері әлеуметтік әріптестік шеңберінде 2626 жоба, оның ішінде өңір бойынша жалпы 488 жоба жүзеге асырылғанын мәлдімдеді.
Абзал Нүкенов қатысушыларды Алматы облысында өтетін «ASAR» екінші республикалық үшжақты ынтымақтастық форумына қатысуға шақырды. Форум ҮЕҰ, бизнес және мемлекет үшін құрылған сұхбат алаңы болып табылады.
Форум аясында шетелдік сарапшылардың қатысуымен тренингтер, мастер-кластар және кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Форумға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, бизнес және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері мен Израиль, Грузия, Түркия және Польша елдерінен келетін халықаралық сарапшылар қатысады.