Бес ғасыр бұрын шыққанына қарамастан, кітап жақсы сақталған. Ұлттық кітапханада арнайы температурада сақталады.
"Кітаптың Қазақстанға қайдан келгенін айта алмаймын, оны нақты білмейміз. Біздің сирек кездесетін кітаптар қорында болған. Бес ғасыр ішінде адамның терісі біраз жиырылып қалыпты", — деп жазды баспасөз қызметі.
Көрме 28 ақпанға дейін созылады.