«Көкпар эталоны» кітабының тұсаукесері өтті
21.09.2025, 21:32

«Көкпар эталоны» кітабының тұсаукесері өтті

Астана қаласында ұлттық спорт пен руханиятқа арналған айтулы мәдени іс-шара ұйымдастырылды.

А.ж. 20 қыркүйегінде «ДОС» кафесінде Орта Азия мен қазақ еліне аты мәшһүр «Жассақ» лақабымен танымал Жасыұзақ балуан-шабандоз жайлы жазылған «Көкпар эталоны» атты жаңа еңбектің тұсаукесер рәсімі өтті.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ұлттық спорт майталмандары, тарихшылар, қаламгерлер және қонақтар жиналып, кітаптың жарық көру қуанышына ортақтасты. Жиынның құрметті қонақтары қазақ руханияты мен спорт тарихына қосылған тағы бір маңызды еңбектің маңызын атап өтіп, авторға ризашылықтарын білдірді.

Кітаптың авторы әрі той иесі Зайырбек Өмірұлы сөз сөйлеп, шығарманың жазылу тарихына тоқталды. Ол Жассақтың ерлігі мен ел алдындағы еңбегін айшықтап, қазақ балуандары мен шабандоздарының елдік пен бірлік жолындағы орнына кеңінен тоқталды. «Бұл кітап – ұлттық рухты көтеретін, жас ұрпаққа өнеге болатын дүние», – деді ол.

Салтанатты кеште ұлттық әндер шырқалып, қатысушылар арасында жылы пікір алмасулар өрбіді. Қонақтар Жассақтай баһадүр тұлғаның өмір жолын арқау еткен еңбектің тарихтағы орнын жоғары бағалап, рухани мерекенің мәнін ерекше атап өтті.

Іс-шара қонақтардың ыстық ықыласқа толы тілектері мен естелік суреттерге түсумен қорытындыланды.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер