Қазақ жігіттерінің рухы түсіп, ал қыздарының қуаты артып, өмір тізгінін қолға ала бастады
12.01.2018, 18:01

Қазақ жігіттерінің рухы түсіп, ал қыздарының қуаты артып, өмір тізгінін қолға ала бастады

Белгілі бизнес тренер Ахметбек Нұрсила өзінің фэйсбук парақшасында қазақ жігіттері мен қыздарының қазіргі халіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды silteme.kz.

"Кейінгі кезде байқамайын десең болмайтын мынандай бір құбылысты көрмеу мүмкін болмай бара жатыр. Қуанарыңды да, қайғырарыңды ба білмейсің.. Ол не дейсіз ғой?

Ол құбылыс қазақ жігіттердің ұсақтап, от басын асырауға шамасы келмей, рухтарының түсіп бара жатқандығы, ал керісінше қазақ қыздарының рухтары көтеріліп, өмір тізгінін қолға ала бастағаны..

2018 жылға командамдағы барлық 100 ге жуық жас жігіттер мен қыздарға Арман Мақсат Жоспарларын жаздыртып, талдадық. Сол кезде қыздар мен жас келіншектердің Арман Мақсаттары жігіттердікіне қарағанда әлдеқайда биік, әлдеқайда сапалы..

Мысалы мына бір ауыр жағдайға түскен келіншектің жазған постысынан үзінді оқып көріңіз, аты жөнін көрсетпедім.. 
"Күйеу-бала шаға үшін, өзімнен кейін қалған інім, оның бала шағасы үшін тез аяққа тұруға мәжбүрмін".

Қыз -келіншектердің Арман Мақсаттарында : Ата-анамды курортқа жіберіп дем алдырамын, үй салуына көмектесемін, қайырымдылық шараларымен айналысамын" деген пункттер көп кездеседі

18 қаладан Бизнес Бастаудың өкілділіктерін аштық, жігіттер істей алмай, түрлі сылтаулар іздеп, сақтары сынып, бастары салбырап талапқа сай келе алмай шығып қалып жатыр, ал қыздар мен келіншектер ай сайын дамып келеді..

МҚҚҚҚ -Мен Қазақ Қыздарына Қайран Қаламын шынымен, олар үшін қуанамын, бірақ Қазақ Жігіттері үшін қайғырамын. Бұл дұрыс тенденция емес" деп жазған ол.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер