"Ит жылы адал еңбекті, шыдамдылықты, алға қойған мақсат-міндеттердің орындалуын талап етеді. Позитивті көңіл-күйді, ойын-сауықты жақсы көреді. Бірақ арамдықты, әділетсіздік пен өтірікті кешірмейді. Ит адал ойынның жақтасы, жыл соңында әрбіреуін еңбегіне, адал ниетіне қарай марапаттайды. Мүмкіндік береді, алайда оның сұрауы да жоқ емес. Ит, біз ойлағандай, қарапайым үй жануары емес, жауапкершілікті талап етеді", — деген Аман қазақстандықтарға келе жатқан жаңа жылда шынайылық, өзара сенім мен адал махаббат тілеген.
Сондай-ақ, ол ит жылы өнер адамдарына, әртістерге дуэт құруға таптырмас жыл болатынын да атаған.