«ҚазАгро» Холдингі – болжам «Тұрақты»
27.03.2018, 13:04

«ҚазАгро» Холдингі – болжам «Тұрақты»

Moody’s Investors Service Ltd. Рейтинг агенттігі «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-на «Ba1» деңгейінде шетел валютасындағы міндеттемелері бойынша ұзақ мерзімді несиелік эмитент рейтингінде «Тұрақты» болжамды берді. Ұлттық меже бойынша рейтинг Aa2.kz деңгейінде берілді, деп хабарлайды silteme.kz АА.

Агенттік пікірінше «ҚазАгро» Холдингі еліміздің ауыл шаруашылық секторын қаржылық қолдауға қолданылатын ҚР Үкіметінің / Baa3 рейтингі «тұрақты»/, соның ішінде Холдинг құрылымындағы еншілес компаниялар арқылы қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады.

Осылайша, берілген рейтингтер «ҚазАгро» Холдингінің Қазақстан ауыл шаруашылық саласын дамытудағы маңызды рөлін және Холдинг пен ҚР Үкіметінің арасындағы елеулі байланысты көрсетеді. 

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өзінің құрылымына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқару арқылы, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдингтің құрамына «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ,  «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ және «ҚазАгроМаркетинг» ЖШС енеді.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер