Байқауда бірінші орынды қарағандылық Ақбота Бақытқали иеленсе, екінші орын шымкенттік Ақмарал Айтбаеваға берілді. Ал Ресейден ат арылтып келген этникалық қазақ өкілі Самал Мурадияева үшінші орыннан көрінді.
Конкурсты ұйымдастырушы Баян Алагөзованың айтуынша, биылғы жылы бұл байқауға Түркия, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан мен Қырғызстан сияқты елдерде тұрып жатқан этникалық қазақтар көп қатысқан.
Айта кетейік, «Қазақ аруы» байқауы биылғы жылы сегізінші рет ұйымдастырылып отыр.
Дереккөз: baribar.kz