Ақша апару бертінде шықты ғой. Қазір сондай ыдыс-аяқ апаршы, не болар екен?! Қазір жасы да, кәрісі де той үстінде конвертті той иесіне тықпалап, екіншісі оны сөмкеге тықпыштап жатқаны. Әй, негізі, базар-дүкендердегі конверттердің саудасын осы қазақтар жүргізіп тұр. Конверт алып үлгермесек стол үстіндегі салфеткаға-ақ жазып бере салатынымыз тағы бар. Ол той иесінің қалтасына не сөмкесіне түскенде сыпырылып түсіп, аналар оны кім бергенін білмей дал болып жататыны да жасырын емес.
Өзбек ағайындардың тойына да барып тұрамын ғой. Ұнайтыны - олардың тоянаны беру мәдениеті. Кіре берісте бір-екі адам отырып, кірген адамдар аты-жөндерін, қанша әкелгенін дәптерге жазғызып, әрі қарай дастарқанға өте береді.
Ал, бізде ортаға бірден 30-40 адамды шығарып, оның ішінде екеуі ғана сөйлеп, қалғанымыз тек тояна беру үшін ғана тұрамыз. Содан той иесіне сый-сияпатымызды беру үшін топырлап тағы кезекке тұрамыз. Одан бәріміз топырлап суретке түсеміз. Опыр да топыр осындай. Егер беретінімізді кіре берісте дәптерге жазғызып, беріп кетсек, әрі асабаның миын ашытпаймыз, әрі уақыттан ұтар едік. солай емес пе?!
Гүлжамал Мұсаеваның фэйсбук парақшасынан