Алматы облысында тау бөктерінен көне кітаптар табылды
05.05.2017, 18:33

Алматы облысында тау бөктерінен көне кітаптар табылды


Алматы облысында тау бөктерінен көне кітаптар табылды. Құнды дүниелер осыдан 100-120 жыл бұрын басылып шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
  Алматы облысында тау бөктерінен көне кітаптар табылды. Алакөл ауданындағы Еңбекші ауылы маңынан табылған кітаптардың саны -жетеу. Көпті елең еткізген заттарды алғаш тапқан Еңбекшілік жасөспірімдер. 1 мамырда көкке шығып, көп қазына үстінен түсіпті.   Алматы облысында тау бөктерінен көне кітаптар табылды     Алматы облысында тау бөктерінен көне кітаптар табылды   «Жуа теріп жүріп, таудың жоғары жағына шықтық. Сол сәтте күнге шағылысып жатқан кітаптардың беттерін көрдік. Арабша жазылған болғандықтан, құран кітабы екен деп ойладық. Бірден ауылға барғанда мұғалімге айттық. Содан кейін бірге барып, таудың бөктерінде жатқан кітаптарды қазып алып, ауылға әкелдік», дейді Еңбекші орта мектебінің оқушысы Ернат Құдайберген.   Алматы облысында тау бөктерінен көне кітаптар табылды   Кітаптардың бірі 1898 жылы Санкт-Петербургтегі «Император», енді бірі -1902 жылы Қазандағы әйгілі Кәрімовтер баспасынан шығыпты. Ғасыр өтсе де, жазулары өшпеген. Имамдар оқып, атауларын тізімдеген.   Алматы облысында тау бөктерінен көне кітаптар табылды   Үш кітап "Жұмақтың кілті", "Шариғат жолы", және "Хабарсыздарды ояту" деп аталады екен. Құнды діни дүниелерді тау ішіне "қызыл ойран" тұсында жергілікті имамдар тыққан деген болжам жасалып отыр. Құнды кітаптар қазір орталық мешітте сақтаулы.   Алматы облысында тау бөктерінен көне кітаптар табылды

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер